Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3427 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 05:12

Семейдегі семинар сәтті өтті

Еліміздің Бас Мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазрет Семей өңірінің өкіл имамы болып қызмет атқарған  уақытында Семей өңіріне қарасты қала, аудан, ауыл имам молдаларының басын қосып бір жыл бойы бір айлық семинар өткізген болатын. Сол игі шараның жалғасы ретінде 2013 жылдың ақпан айынан мешіт жамағаттарын оқыту басталып, 23 жамағат оқып шықты. Өйткені мешіт жамағаттарын оқыту күн тәртібінде тұрған бірінші мәселе. Ақпан айының 1-ші жұлдызынан бастап 28- іне дейін жалғасқан семинар өз мәресіне жетті. Семей аймағының жаңадан тағайындалған өкіл имамы Мақсат Қуанышұлы 28 - ші ақпан күні оқыған жамағаттарының білімін саралап емтихан алды.

Өз сөзінде өкіл имам 1 ай бойы алған білімдерін әрі қарай жалғастырып, білімдерін жетілдіруге шақырды. «Сіздер білімнің есігін енді аштыңыздар, білім жолы жәннәт жолы. Пайғамбарымыз с.ғ.с хадистерінде таңертең тұрып бір құран аятын үйрену жүз рәкағат нәпіл намазынан артық, Ал ілім үйрену мың рәкағат нәпіл намазын оқудан артық деген.

Оқуға келген уақытта арапша әріп танымайтындарыңыз әліппені бітіріп құранға түстіңіздер, фиқһтан, ақидадан, құран тәжуидтен, хадис сабақтарынан мағлұмат алдыңыздар, енді осы алған білімдеріңізді басқаға үйретіңіздер» деді өкіл имам өз сөзінде. Дәріс алған жамағаттарға өкіл имам Мақсат Қуанышұлы бір ай оқығандығын білдіретін сертификатты қолдарына табыс етіп, жамағат арасындағы үлкені Мұхамметжан ақсақалдың иығына шапан жапты. Өз кезегінде сөз алған жамағаттар  Семей аймағында осындай бір айлық тегін жатын орын тамақпен қамтамасыз етіп семинарды ұйымдастырған еліміздің Бас Мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазретке  өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Семей аймақтық орталық мешіттің баспасөз қызметі

0 пікір