Сейсенбі, 14 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 61755. Жазылғандар — 35911. Қайтыс болғандар — 375
Жаңалықтар 2193 0 пікір 1 Наурыз, 2013 сағат 09:14

Жезқазғанда келімсектер қазақты билеп жүр

Жуықта «Қазақмыс» корпорациясының атқарушы директоры Эдуард Огай бір басылымға берген сұхбатында былай деген еді: «Жезқазғанды Жаңаөзенмен салғастыру - менің ойымша, асылық болады. Жезқазғанда мұндай жағдайдың жоқтығына сендіремін. Бізде проблемалар баршылық, алайда олар келісім жолымен шешіліп жатыр».

Расында да, Жезқазғандағы жағдай «келісім жолымен» шешіліп жатыр ма? Бұған жергілікті жердегі халықтың көп күмәні бар. Мәселен, осы 9 ақпан күні Жезқазғанда «Қазақмыс» кәсіпорнының алдында бір топ адам компанияның жұмысшыларды қысқартуына қарсылық білдіріп, наразылық шарасын өткізген еді. Жезқазған өңіріне таныс журналист Берік Жағыпаров бастаған топ жаңа кеніштер ашу қажеттігі туралы «Қазақмыс» корпорациясы басшылығына талап қоятынын мәлімдеген болатын. Бірақ жиынға келген қалалық прокуратураның өкілі шараның заңсыз екенін ескерте келе, журналисті 7 күнге қамауға алды.

Міне, қаладағы жалғыз жұмыс беруші кәсіпорын басшылығы алдына жаңа кеніш көздерін ашу жөнінде талап қоюдың заңға қандай қайшылығы бар? Қарапайым еңбек қатынастары талабына, жұмысшылар мен кеншілердің құқығына қатысты мәселе көтеру - түрмеге қамайтындай әрекет пе?

Жуықта «Қазақмыс» корпорациясының атқарушы директоры Эдуард Огай бір басылымға берген сұхбатында былай деген еді: «Жезқазғанды Жаңаөзенмен салғастыру - менің ойымша, асылық болады. Жезқазғанда мұндай жағдайдың жоқтығына сендіремін. Бізде проблемалар баршылық, алайда олар келісім жолымен шешіліп жатыр».

Расында да, Жезқазғандағы жағдай «келісім жолымен» шешіліп жатыр ма? Бұған жергілікті жердегі халықтың көп күмәні бар. Мәселен, осы 9 ақпан күні Жезқазғанда «Қазақмыс» кәсіпорнының алдында бір топ адам компанияның жұмысшыларды қысқартуына қарсылық білдіріп, наразылық шарасын өткізген еді. Жезқазған өңіріне таныс журналист Берік Жағыпаров бастаған топ жаңа кеніштер ашу қажеттігі туралы «Қазақмыс» корпорациясы басшылығына талап қоятынын мәлімдеген болатын. Бірақ жиынға келген қалалық прокуратураның өкілі шараның заңсыз екенін ескерте келе, журналисті 7 күнге қамауға алды.

Міне, қаладағы жалғыз жұмыс беруші кәсіпорын басшылығы алдына жаңа кеніш көздерін ашу жөнінде талап қоюдың заңға қандай қайшылығы бар? Қарапайым еңбек қатынастары талабына, жұмысшылар мен кеншілердің құқығына қатысты мәселе көтеру - түрмеге қамайтындай әрекет пе?

Егер осы сауалдар тұрғысынан қарайтын болсақ, жергілікті халықты осындай қарапайым талаптар үшін қамай беретін болса, Жезқазған кеншілері Жаңаөзен мұнайшыларының сегіз айлық ереуілін қайталауы әбден мүмкін. Билік өкілдері «заңсыз» деп таныған осындай іс-әрекеттері үшін «Қазақмыс» жұмыскерлері де ерегеске баруы ықтимал. Ал Жезқазған кеншілері көтерілсе, оларды Теміртау жұмыскерлері де қолдауға әзір отыр.

Осыны қаперге алған корпорация басшылығы кеншілер мен жұмыскерлердің жалақыларын көтеруді қолға алған еді. Бірақ әзірге оның «көтеру» деген аты ғана бар. Бір ақпаратқа қарағанда, жалақы бес пайыздан арыға көтерілмейтін көрінеді. Әрине, мұндай алдарқату кеншілердің көңілін көншітпейді.

Қазақ журналистикасына өшпес із қалдырған Камал Смайылов: «Қазақ жері миллиард адамды асырай алады. Африканың да жерінің асты бай, ал қамсыз болғандықтан, халқы кедей» депті. Солай бола тұрса да, қазіргі қазақ жері бүгінгі халыққа пана бола алмай тұрған түрі бар. 1994-1998 жылдары жүргізілген жаппай жекешелендіруден кейін қазақтың күллі қазына-байлығы талан-таражға түскені ақиқат.

Зәулім зауыттарымыз бен фабрикаларымыз, ірі кәсіпорындарымыз бен стратегиялық нысандарымыз «бес тиынға» сатылып кетті. «Жеке жобалар» дейтін атпен аса құпия түрде жекешеленген мұнай мен металлургия, қымбат металдар мен тау-кен салаларының кәсіпорындары ENRC (Евразия тобы), «Қазақмыс», «Қазцинк», «Миттал стил» секілді тарихы тұманды, келешегі күмәнді (офшор аймағындағы) шетелдіктерге сутегін бағамен берілді. 1991-2005 жылдардың аралығында бас-аяғы 40 мыңнан аса нысандар жеке меншікке жедел өтіп кетті.

«Қазақмыс» корпорациясының 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша нарықтық капиталдандыру бағасы 7 миллиард 670 миллион АҚШ долларына пара-пар, ал акциялар пакетінің нарықтық бағамы 3 млрд. 289 млн. доллар болды. Топтың ENRC-дегі EBITDA үлесі 966 млн. доллар. Компанияның акциясы былайша бөлінген: Владимир Ким - 27,9 %; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры - 26,0 %; Олег Новачук - 6,53%.

Forbes («Форбес») журналы әлемдегі ең дәулетті 1210 адамның тізімін жариялады. 2011 жылы Қазақстандағы ең бай адамдар қатарын «Қазақмыс» компаниясының президенті Владимир Ким бастап тұр. Оның байлығы Оңтүстік Кореядағы ең бай адам «Hyundai Motors» басшысы Чун Мон Кудан да асып түседі екен (!).

Өз құқықтарын талап етіп, ереуілге шыққан жұмыскерлер не дейді? (Жергілікті жерде үйірілген үрейден үріккен жұмыскерлер өздерінің толық аты-жөндерін атамауды сұрады).

 

Дәулет (шахта бұрғылаушысы, 26 жаста):

2012 жылдың сәуірінде болған ереуілге шықтым. Расында, жұмысымыз ауыр, жалақымыз аз. Егер жаңаөзендіктер көтерілмегенде, бәлкім, біз де қорқып, аз жалақымен отырар ма едік?! Ал биылғы жылдың ақпанындағы ереуілге шықпадым. Оған тек жұмыстан «сокращениемен» кеткендер ғана шықты. Оның өзі өте аз адам. Негізі, біздің халықта қорқыныш басым. Басшылықтан қорқамыз.

 

Мейіржан (шахтада кезекті мастер, 23 жаста):

Сәтбаев қаласында туылдым. Осында өсіп, білім алдым. Қарап отырсаңыз, егер біздің қалада шахталар, өндіріс орындары болмаса, онда Жезқазған да, Сәтбаев та картадан жойылар еді! Қала деген аттары да қалмайды. Сондықтан бұл жердің халқын асырап отырған тек осы «Қазақмыс» өндіріс орындары ғана.

Дегенмен, жұмысымыз жер астында болғандықтан, өте қауіпті. Мен жаспын, бойдақпын. Көптеген жағдайларды естіп алған соң ба, жұмысқа бара жатқанда қорқынышпен барамын. Аса қауіпті мамандықтардың жалақысы жоғары болуы заңды деп ойлаймын. Ереуілді өз басым құптаймын. «Бұға берсең, сұға береді» демекші.

 

Асқар (күзетші, 43 жаста):

Өзім шахтада жұмыс істемеймін. Денсаулығым жарамайды. Бірақ та, қазір шахтерлардың жалақылары жақсы деп айта аламын. Мәселен, аса ауыр жұмыс жасайтын шахтер 200-300 мыңға дейін ақша алады. Ал мен тек 35-40 мың теңге ғана аламын. Баға тепе-тең емес. Олардың да, менің де тұтынатын заттарымыз бір ғой. Мәселе сонда - олар шахтада жұмыс атқарады. Негізі, ол жалақылары жұмыстарына сай деп ойлаймын. Не дегенмен, жер асты ғой. Алдында ғана өткен ереуіл жайын естідім. Ал былтыр Жаңаөзеннен «үлгі» алып, бір ереуілге шығып еді ғой. Сонда жалақыны көтеру үшін міндетті түрде ереуіл жасалу керек пе еді? Неге ереуіл жасамай-ақ басшылық жалақыны көтермейді? Шынымды айтсам, бұл байлық та бір күні бітеді ғой. Шынайы жұмыскерлер адал еңбекақысын әділетті алуы тиіс.

 

Гүлнар (шахта шамшысы, 51 жаста):

Шахтада жұмыс атқарғаныма 15 жылдай болып қалды. Бірақ, жұмысшыларды қысқартып жатыр. Мені де алдағы наурыз айында босатуы мүмкін. Сонда мен қайда барамын? (Жылап алды). Жалғыз немерем бар. Оны кім бағады деген ой күні-түні мазалайды.

 

Араб елдерінде сырттан келген азаматтар ешқандай басқарушылық қызметін атқара алмайды. Мәселен, Біріккен Араб Эмираттарында арабтан басқа адамның мемлекеттік немесе ірі өндірістік басқару ісіне араласуға қақысы жоқ. Әмірліктердегі келімсектер тек қана қара жұмыс істейді.

Ал жер асты байлыққа толған кең-байтақ Қазақ жерінің ең ауқымды, қаржысы мол корпорацияларын қазақтар емес, шетелдіктер басқарып отыр. Сол байлықты шетелдіктер сыртқа тасып жатыр. Осы да әділеттілік пе?! Қазақ өз жерінде қара жұмыс істеп жүр. Бұл - жергілікті ұлт өкіліне жасалған нақақ қиянат! Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен сақталған шұрайлы қонысымызды ата-бабаларымыз бізге иелік етсін деп, аманаттап кетпеді емес пе? Ойланайық, ағайын, огайлар опа бермейді бізге!

 

Айгерім АЛПЫСҚЫЗЫ,

Сәтбаев қаласы

 

Жергілікті халық

ҚОЛДАУҒА ДАЙЫН

Өткен жылдың басында көтерілген референдум өткізу туралы мәселе ел ішіне ене бастады. Жергілікті жердегі зиялы азаматтар ел тағдырына алаңдап, өз шешімін биліктің шырқау биігіне жеткізу үшін, мұндай саяси ерік білдіруді қажет деп есептеп, бастамашыларды қолдауға әзір отыр.

Ел тарихында біз білетін бір ғана референдум өткен, ол соңғы Конституцияны қабылдауға байланысты еді. Ал бүгінгі күні қоғамда талқылануға тиіс, нәтижесінде бүкіл халықтың еркін анықтауға келіп тірелетін мәселелер аз емес. Ең өкініштісі -тәуелсіздік алғалы бері билік басындағылар халықтың қолдауын күтпей-ақ, мәселені халықтың талқылауына салмай-ақ, мемлекетіміздің болашағына әсер ететін саяси шешімді белінен басып, өз білгенімен қабылдай салуы әдетке айналып кетті. Атап айтар болсақ, Қазақстанның жер асты, жер үсті байлықтарын игеру құқын шетелдіктерге беру, жерді сату немесе жалға беру, көрші елдермен арадағы шекараны белгілеу, т.б. Ал елден сұрамай, есебін тауып жиырма жылдан астам бір адамның билігін орнату - өз алдына айтылатын үлкен әңгіме.

Әрине, тізбелей берсе, көп болып шешетін мәселе жеткілікті. Басқаны былай қойғанда, Кеңес Одағының құрсауынан құтылдық па, жоқ па деп тұрғанда, елді Кедендік Одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістікке қайтадан сүйреп кіргізу ешбір қисынға келмейтіні айдай анық. Бұл қадам экономикамыздың дамуы үшін қажет деп сендіргенімен, экономика жүрген жерде саясат та жүретіні бесенеден белгілі. Шынына келсек, Кедендік Одақтың кесірін қазірдің өзінде сезіп-біліп отырмыз. Құдай жарылқап берген мұнайдың үстінде отырып-ақ бензинді қымбаттатып, нәтижеде барлық тауар мен азық-түлікті ілесе қымбаттатуға мәжбүрміз.

Күні ертең ортақ валюта енгізілетін болса, ортақ әскер құрылса, қайтадан КСРО құрылмағанда не қалады?! Кезінде қара бақырға сатылып кеткен байлықтың негізінде құрылған «Қазақмыс», «Арселор миттал», «Қазмырыш», ЕNРC, «Халық банкінің» халық игілігіне қайтарылуы әділеттілік үшін де қажет. «Қайтқан малда береке бар» дейді халық даналығы.

Референдумға енгізілетін үшінші мәселе - барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау. Шындап келгенде, өзін тағайындамаған жанға ғана алаңдайтын әкімдер жүз жерден «әкім бол, халыққа жақын бол!» десек те, есігінің алдына форма киген қарулы күзет қойып, оңашаланып алып, ойына келгенін істеуде. «Жоқ, олай емес» деп, ешкім де айта алмас. Ал егер шынымен халқына жаны ашитын болса, бүгінгі әкімдер сайлауда дауысқа түссін. Егер ашық әрі әділетті сайлауда жеңіп шықса, халыққа деген қызметтерін құдай оңғартсын!

Референдумның соңғы сұрағы: «Қазақстанға халықаралық ядролық отын банкі мен атом электростансаларының құрылысына тыйым салуды қолдайсыз ба?».

Мен үзілді-кесілді қарсымын! Өзіңіз-ақ ойлап көріңізші, Семей, Сарыөзек, Заречное, т.б. жерлердегі сынақтықтардан зәрезап болған қазақ  халқын тағы да қауіп-қатерге салуға билік басына кім өкілеттік берді?! Энергия өңдіремін десе, мұнай мен көмір, сарқырама су мен өкпек жел, шыжғырған күн сәулесі кімге жетпей жатыр? Жоқ, бары-жоғы 16 млн халық біреудің көзіне көп көрініп жатыр ма?

Жалпы референдум өткізу әбден толғағы жеткен нәрсе. Бұған мемлекет басшысы мен Парламент бір емес, бірнеше мәрте мұрындық болуға тиіс еді. Енді бұл іске оппозициялық күштер кіріскен екен, ешнарсеге алаңдамай, соңына дейін жеткізуге әрекет жасау керек.

Бірақ мәселе референдумды өткізуде емес, оны қалай өткізуде болса керек. Өйткені сайқымазақ сайлау өткізіп, әккі болып қалған «НұрОтандық» сайлау комиссиялары өздері қалаған нәтижені жазып береді. Тіпті шімірікпейді де. Олай болса, республикалық референдумға дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің осыған «бастары қатуы» тиіс. Алдымен 23 ақпанға, енді келіп 16 наурызға белгіленген жалпы жиналыста мәселені жан-жақты талқылау аса қажет. Құдай ұрып, жиналыстың өту мерзімі тағы да сырғытылып жүрмесе....

Шаруа ПІРМАТ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 07 (183) 28 ақпан 2013 жыл

0 пікір