Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 2417 4 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 14:50

Ермұрат Бапи бекер алаңдамайды

Abai.kz-тен Ермұраттың сұқбатын оқып шықтым. Ермұрат дұрыс айтып отыр. Еліміздегі олигаполия парламенттік сайлауға алдын-ала дайындалып жатқаны рас. Және де олардың партиялық платформасы атын өзгерткен «Аманат» партиясы болып қала береді.

Дайындық қазірден басталып, бұрынғы назарбаевтық қалыпта өтіп жатыр – айтыстар, концерттер, басқа да бірлі-жарым қайырымдық шаралар...

Мұның бәрі - фасад!

Сондықтан елімізде шындықты айта алатын, қоғамдағы және басқару институттарында бұғып отырған "астарлы коррупциялық мүдделердің" шын табиғатын жіліктеп, шағып өңін аймандай ете алатын белді, ойлы, әділетті тұлғалар аса қажет.

Қазір ойы жетсе – батылдығы жоқ, батылдығы жетсе – лайықты біліктілігі жоқ, әділ болса – тұғыры жоқ және т.б. белесте тұрмыз.

Жеке дауыспен мәжіліске бара алатын тұлғалардың нобайы әлі айқын емес.

Осылай жалғаса берсе, қоғам самарқау болса, онда қоғамға берілген бұл мүмкіндікті олигаполия иемденіп алары сөзсіз. Оған қоса, қоғамның партиялық тізімнен бөлек жеке мандатқа бөлінген "30 пайыздан" ажырау қаупі де бар екенін айту керек.

Қазір:

Билік өзгеруге ниетті;

Қоғам өзгеруге ниетті;

Адамдар да өзгеруге ниетті.

Қазір ел тұтастығы мен тәуелсіздікті нығайту жолында мақсаттар мен мүдделер бірігу үстінде.

Осыны түсінгенде ғана ықпалды Мәжіліс құрылады.

Бірақ бұдан тысқары жататын, мүддесі тоғыспайтын бір күш бар, ол – бұрынғы олигархиялық жүйе.

Ол жүйені ұлттық мүддеге қарай бұра алатын, оны мемлекет пен халық мүддесіне жұмыс жасауға мәжбүрлей алатын бірден бір күш – Мәжіліс болмақ. Оян, қазақ!

 

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

4 пікір