Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3236 0 пікір 28 Ақпан, 2013 сағат 06:15

Жақсылық Жанашыр. Алтыннан басқаға сенуге болмайды!

Мәжілістің соңғы пленарлық отырысында белсенді депутат Тұрсынбек Өмірзақов қай күнгідей өте бір өзекті мәселені көтеріп, Ұлттық Банктың Төрағасы Григорий Марченкоға сауал жолдады.

Сауалдың мәнісі былай: 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның алтын-валюталық қоры 86 млрд. АҚШ доллары көлеміне жетіпті (Алла бұйыртсын).  Бірақ соның негізгі бөлігі шетелдік валюталар, құнды қағаздармен сақталған екен. Бұлар бүгін құнды болғанымен ертең-ақ, тағы бір әлемдік экономикалық дағдарыс күтпеген жерден ұрса жәй қағаз болып шыға келеді емес пе? Сонда біз байлығымызды жоқтап, зарлап отыра кеткеннен басқаға шамамыз келмей қалады.

Осыған көңіл аударған депутат Марченкоға Қазақстанның байлығын алтынға айналдырып қою керек деген нақты ұсыныс айтады. Қазір көптеген бай елдер дағдарысты еңсеру үшін еліндегі алтындарын сатып жатқан көрінеді. Мәселен, Швейцария соңғы 10 жылда 877, Франция 589, Испания, Нидерланды және Португалияның әрқайсысы 200 тоннадан алтын сатыпты. Соны мұнайдан түскен қаражаты бар елдер жапа-тармағай алып жатыр екен. Мысалы, Ресей 570 тонна алтын алыпты. Ал біздің Марченко қалтасына қолын салып, жұрттың зейнетақысына тиіскеннен басқа (әкесінің құны бар ма десейші) түк те бітірмей жүрген көрінеді.

Алтын ешқашан құнын жоймайды, керісінше бағасы жылдан жылға өсе береді. Соңғы 10 жылда оның құны 400 есе артты, дейді депутат.

АҚШ, Германия, Италия, Франция секілді ақылды елдер алтын-валюталық қорының 70 пайыздан артығын алтынмен сақтайды екен. Ал Қазақстанның алтынының үлесі қордың 20-ақ пайызын құрайды. Былтыр Парламент арнайы заң да қабылдап, Ұлттық Банкке алтынды мол қылып сатып алуға мүмкіндік беріпті. Бірақ Марченко доллардан (ғашық шығар) айрылғысы келмей, тек өзімізде өндірілген 10-15 тоннаға мәз болып отырған көрінеді.

Сондықтан да депутат Тұрсынбек Өмірзақов Г.Марченкоға алтынды көптеп алуға шақырады. Және ол тек қана өзіміздің елде сақталсын дегенді қосыпты ол. Бұл да дұрыс ұсыныс екен. Осыдан кейін Марченко бәлки, қозғалысқа келер.

Abai.kz

0 пікір