Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 1061 1 пікір 12 Желтоқсан, 2022 сағат 13:28

IT-компанияларда 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады

2023 жылы IT-компанияларда 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Азаматтарға сапалы қызметтерді көрсету үшін облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда кең жолақты Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Келесі жылы IT-компанияларда 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, мемлекеттің, бизнестің және халықтың тиімді өзара іс-қимылы үшін проактивті мемлекеттік сервистерге көшу жүзеге асырылады. 1 қаңтардан бастап Отбасының цифрлық картасы пилоттық режимде іске қосылады. Ғылымның дамуына серпін беру үшін тиісті 5 жылдық ұлттық тұжырымдамасы қабылданды.

«Биыл ғалымдардың жалақысы 2 есеге ұлғайтылды. Жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін 1000-нан астам грант бөлінді, 400-ден астам ғалым әлемдік ғылыми орталықтарға стажировкаға жіберілді. 3 жетекші шетелдік зерттеу жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Тағы 2 филиалдың ашылуы пысықталуда. Келесі жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы әзірленеді», - деді Әлихан Смайылов.

Abai.kz

1 пікір