Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 1497 0 пікір 12 Желтоқсан, 2022 сағат 12:53

ЭКСПО-ның орнына ТЭЦ салу керек еді

Өткенде Екібастұздың ТЭЦ-на қырылып жүріп кіріп алдық! Маманы болмаған соң бізді алдау оңайға соқты...

Сонда үлкен лауазымдағы бір кісі "видео, диктофон жоқ па?" деп, қарап қойып әңгімесін айтты. Мынау көріп тұрған ТЭЦ Қазақстан бойынша едәуір жағдайы жақсы станциялардың бірі деді...

Кейін, сол жерде бір цехтың бригадиры хабарласты. Бізді өтірік, ең жақсы жерлермен жүргізіп шыққан екен. Видеоларды көрсетті, өзінің тілінде проблемаларды түсіндіріп шықты. ТЭЦ расымен апаттық жағдайда екен. Әубастағы орынбасардың "нормальный ТЭЦ-тардың бірі" дегенін ескерсек, бригадирдің айтқанымен араластырып, қорытындылап ойлайтын болсақ, яғни елдегі ТЭЦ-тардың барлығы апаттық жағдайда деген сөз...

"ЭКСПО 2017" Көрмесінің орнына жаңа ТЭЦ-тар салған пайдалырақ еді... себебі біздің елде әзірге жасыл энергия туралы айту - абсурд!

30 жылда ешқандай жаңа ТЭЦ салынбаған дейді ғой... "Күрделі жөндеу" деген желеумен ақша жейтін "стратегиялық нысанға" айналдырып алған...
Депутаттар мен премьердің көзін бақырайтып қойып, "алсаңдар 1 теңгеге сата аламын" деп, Клебановтың шіреніп отқаны да сол. Себебі, Екібастұздағы ТЭЦ-та 10 қазандық бар екен. Оның бесеуі резервтық... сол әр қазандықты күрделі жөндеуден өткізу үшін орта есеппен 500 млн₸ кетеді екен. Ал жылына ол жерге ондай ақша құю өте тиімсіз... сол үшін ТЭЦ-тарды жаңарту керек...

Негізі ТЭЦ-тан гөрі газ жүйесіндегі жылу барлық жағынан пайдалырақ қой. Бірақ, Екібастұздағы ТЭЦ-ті жабу үшін, көмір кеніндегі жұмыскерлерді тағы ойлау керек...

Осыны стратегиялық бес жылда реттеуге болатын дүние. Оны жасамайды... себебі елді қанпезер монополисттер жаулап алған. Елдің сорын ағызып тұрып сол көмір біткенше тәуелді қылып қояды... ТЭЦ-тарға да сол жердің көмірлері сатылады... қалғанын кейін... өте ұзақ... таусылмайтын проблемаларға шырмалып қалған ғой...

Бір проблема қозғай қалсаң, тауысып болмайсың ғой... бізде тек ТЭЦ-тар ғана емес, тұтас мемлекет апаттық жағдайда негізі...

Семейді де жылу жинап халық болып, өзіміз алып шығатын шығармыз... сонда бізге мына үкімет пен жүйе не үшін керек? Проблема тудырмаса, проблема шешпейді ғой бәрі бір...

Серік Хасенов

Abai.kz

0 пікір