Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3199 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 07:25

Көмескі комитет. Төрағасыз төр. Бұл не?

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтің,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің

назарына:

Биылғы жылдың 17 қаңтарында  Қазақстан Республикасы Президентінің №466 жарлығы шықты. Жарлық бойынша  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінде Көші-қон комитеті құрылатын болды. Осыған орай бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзіретінде болған халықтың көші-қоны, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон үдерістерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шараларды енді Серік Әбденовтің министрлігі атқарады. Елді елең еткізгені шетелдегі қазақ диаспорасының атажаұртқа қоныс аудару жұмыстарымен айналысып келген Көші-қон комитетінің қайта құрылғандығы болды десек қателеспейміз. Себебі, тәуелсіздіктің 20 жылында Атажұртына оралған миллионнан астам қандасымыздың тіршілік тынысымен айналысатын бір комитеттің болғаны, әрине, қуантарлық жағдай. Өйткені қазақ шекарасының сыртында әлі де 5 миллион қандасымыз Отанына оралуды күтіп отыр.

Жасыратыны жоқ, тәуелсіздік жылдарынан бері ең көп сын айтылған салалардың бірі - еліміздегі көші-қон саласы. Тіпті бұл сала соңғы жылдары тығырыққа тірелді. Оның бір көрінісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолған алынған «Нұрлы көш» бағдарламасының сәтсіз болуы, «оралмандарға» берілетін квотаның алынып тасталуы, шетелде тұратын қазақ диаспорасының 6 айлық, 1 жылдық визаға қол жеткізе алмауы, тұрақты тіркеуге тұру, азаматтық алу жұмыстарының қиындауы... Мұның барлығы экономикасы дамыған, тәуелсіздігін бекемдеген еліміз үшін үлкен сын екендігі даусыз!

Таңғаларлығы, тәуелсіздіктің 20 жылында миллион қазақтың қатарын құраған қандастарымыздың арасынан белді мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстаған бір азамат жоқ. Бұл олардың біліксіздігін көрсете ме, әлде, мемлекет тарапынан көзге көрінбейтін «кедергілер» бар ма? Шындап келсек, ағайындардың ішінде ғылым докторлары, кәсіби мамандар, әр саланың жүзден жүйрігі, мыңнан тұлпары бар. Басқасы басқа, бір ғана Көші-қон комитетін басқаруға осы саланы жақсы білетін бауырларымыздың тәжірибесін неге пайдаланбасқа?! Мысалы, жақында ғана «Абай» порталында «Көші-қон комитетін қайсы қандасымыз басқарады?» деген сауалнамаға мыңдаған адам назар салып, 200-ге жуық оқырман пікір білдірген. (http://old.abai.kz/content/koshi-kon-komitetin-kaisy-kandasymyz-baskarady ) Жұртшылықтың аңысы біліміне білігі сай біраз азаматтың осы орынға лайық екендігін көрсетіп отыр. Алайда, Елбасының жарлығы шыққанымен әлі күнге құрылмаған Көші-қон комитетінің тағдыры белгісіз,  төрі төрағасыз бос жатыр. Неге? Президент пәрмен етіп, Үкімет өзінің бір іргелі мекемесі етіп бекітпекке ниет еткен комитетті басқаратын бір білікті басшы табылмай тұр ма, әлде бұл саланы мүлдем жылып жауып қою қажет болып тұр ма?

Сіздер не дейсіздер?

Masa.kz

0 пікір