Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 3347 31 пікір 9 Желтоқсан, 2022 сағат 14:12

«Ресейді өз ішіндегі азаматтар ыдыратады»

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба АҚШ-тың Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында Батыс елдерін бұрын КСРО-ның ыдырауынан қорықпаған секілді Ресейдің ыдырауынан да қорықпауға шақырды.

Мақала авторларының айтуынша, Украинаның батыстағы одақтастары оның Ресейден жеңілмеуіне бар күшін салып жатыр, дегенмен батыста кейбір адамдар Киевке жеңіс тілемейді.

Қазіргі қолдаумен Украина соғыс басталғалы Ресей басып алған аумақтарды, 2014 жылы Ресейге өткен Қырым мен Донецк, Луганск облыстарының кейбір аумақтарын қайтарып алатын еді.

«Одақтастардың кейбірі Украина жеңсе, ядролық қаруы Ресей толық ыдырап, әлем халқы күтпеген кең ауқымды азаматтық толқуларға бастауы мүмкін деп қорқады», - деп жазады Wall Street Journal.

Кулеба мұндай алаңдаушылық «бұрынғы АҚШ президенті бірінші Джордж Буштың ұстанымын еске түсіретінін» айтты.

Ол 1991 жылы әйгілі сөзінде «КСРО-ны сақтап қалу үшін Украина Мәскеудің ықпалынан шықпауы керек. Украина ұлтшылдығы өзінің түбіне жетеді» дегенді айтқан.

«Сондықтан мен әлемді Ресейдің ыдырауынан қорықпауға шақырамын. Тарихтың көшін ешкім тоқтата алмайды»,- деді Кулеба.

«Ресейді аман алып қалып, адам етудің қажеті жоқ. Оны қайтадан халықаралық қауымдастықтың мүшесі етуге тырысудан ештеңе шықпайды,шындықты қабылдайтын кез келді. Ресей тарап кетсе, әлемге еш зиян келмейді. Кезінде Ресей империясы ыдырағандай, Ресейді өз ішіндегі азаматтар ыдыратады»,-деді Украинаның Сыртқы істер министрі.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

31 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590