Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 2330 4 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 14:45

Бүгін КСРО құрдымға кеткен күн

1991 жылдың дәл осы күні Ресей, Украина мен Беларусь - үш республика басшылары Беловеж келісіміне қол қойды. Сол сәттен бастап КСРО "халықаралық құқық және геосаяси субъект" ретінде жойылды.

Себебі 1922 жылы осы үш республика бас болып КСРО-ны құрған болатын. Сондықтан КСРО-ны аңсайтындар қаншама байбалам салса да Кеңес Одағының таратылуы халықаралық құқық жағынан алсақ түбегейлі заңды.

Айтпақшы,  Қазақстан КСРО құрамындағылар түгел тарап кетпей тәуелсіздігін мойындамаған жалғыз республика. Яғни Қазақстан 15 республика ішінде тәуелсіздікті ең соңғы болып жариялады. Қазақстан 1993 жылдың 28 қаңтарында Жаңа Ата Заң қабылдағанга дейін өзін Кеңестік республикалар одағындамын деп айтып келді.

Неліктен? Бұл сұраққа әлі де жауап беріледі деп ойлаймын.

Бірақ басты - біздің республиканың одақтан шығуға соншалықты көп ойланғаны туралы сұраққа жауап анық: Назарбаев КСРО-ның түпкілікті күйрегеніне соңына дейін сенбеді де Тәуелсіздік жариялауға өлердей қорықты.

Сондықтан КСРО-ның күйреу күнінен біздің нақты Тәуелсіздігіміз басталады.

КСРО-ның күйреуі біреулер үшін шын геосаяси қайғы болса, қазақтарға - құдайдың берген үлкен бақыты.

Тәуелсіздігімізді бағалайық!

 

Руслан Түсіпбеков

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577