Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 1735 0 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 14:02

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған облыс әкімдерін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыс әкімдерін қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Президенттің қабылдауында болған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз ЖЭС-інің жылу желілеріндегі апаттың салдарын жоюға бағытталған шаралар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, Екібастұз қаласының жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары 15 желтоқсанға дейін аяқталады. Кездесуде облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы мен тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Бұдан кейін Мемлекет басшысының қабылдауында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров болды. Ол өңірді дамыту жоспары мен берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құмар Ақсақалов Қостанай облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріп, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өсім мен инвестиция тарту жөнінде баяндады. Сонымен қатар, әкім Президентке Қостанайда өтетін ХІХ өңіраралық форумға дайындықтың басталғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған облыстардың әкімдеріне өңірлерді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету арқылы ауылдардың өркендеуін қамтамасыз етуді, инфрақұрылымдарды жаңғыртып, көлік-логистикалық ахуалды жақсартуды тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525