Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
1960 6 пікір 7 Желтоқсан, 2022 сағат 14:41

Қытай консулдығы алдына жиналған белсенділерге айыппұл салынды

Бүгін Алматы қаласының әкімшілік соты Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап Қытай консулдығы алдында бейбіт наразылық өткізген Ақиқат Халиолла, Халида Ақытхан және Нұрзат Ермекбайға айыппұл салды. Ал Шынәділ Жаңбырбайға ескерту жасады.

Сот төртеуін "бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды" деп айыптаған (Қазақстанда кез келген бейбіт наразылық ұйымдастыру үшін алдымен әкімдікке ескерту керек, әкімдік рұқсат етпеген митингілер заңсыз деп танылады).

Есіңізге салса кетейік, былтыр ақпаннан бері Қытай консулдығы маңында жақындарына бостандық талап етіп жүргендер көп. Олардың көбі ұсталып, айыппұлға ілікті. Белсенділердің акциясына бүгін 669 күн болған.

 

Abai.kz

6 пікір