Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
1380 0 пікір 7 Желтоқсан, 2022 сағат 14:21

Қырғызстанда "Жасыл альянс" АЭС салуға қарсы шықты

Заңгерлік ұйымдар бірлестігінен құрылған "Қырғызстанның жасыл альянсы" ұйымының өкілдері энергетика министрлігі мен жаратылыс ресурстары, экология және техникалық бақылау министрлігіне ашық хат жолдап, ел аумағында Атом электр станциясын салуға (АЭС) қарсы екенін жеткізді. 

Таяуда Қырғызстанның энергетика министрлігі Ресейдің "Русатом Энержи Прожект" акционерлік қоғамымен ("Росатом") АЭС құрылысын салу бойынша қол қойғанын мәлімдеген.

"Жасыл альянс" атап өткендей, 2019 жылы "Қырғыз Республикасында уран және торий кендерін геологиялық зерттеуге, барлауға және жұмыс істетуге тыйым салу жөнінде үкімет қаулысы қабылданған.

"Осыған байланысты АЭС үшін радиоактивті шикізат қайдан алынады деген сұрақ туындайды. Қаулыда Қырғызстан аумағына құрамында уран және торий бар шикізатты алып келуге тыйым салынғаны жазылған. Демек, АЭС құрылысы заңдық негізге ие емес", - дейді "Жасыл альянс" өкілдері.

Олар АЭС құрылысы Қырғызстанда салу сейсмикалық жақтан қауіпті екенін айтады.

 

Abai.kz

0 пікір