Сенбі, 20 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 2249 6 пікір 7 Желтоқсан, 2022 сағат 14:49

ШҚО-ға "Жаңа Қазақстанда" жаңа әкім бұйырмады

Президенттік сайлаудан кейін облыс және қала әкімдерін тағайындау жүруде. Бірқатар аймақ басшылары орнынан кетті. 

2015 жылдан бері Қостанай облысын басқарып келген Архимед Мұханбетов жылы орнын босатты. Ұзақ жылдар бойы "суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын Архимед" атанған әкім ақыры қызметінен кетті. Анығы кетірді. Қостанай облысындағы алапат өрттен кейін оның өз орнында қалуы екіталай болатын. Сайлау өтті, әкім кетті.

Қақаған аязда Екібастұз халқы жылусыз қалып, бүрсеңдеп отыр. Павлодар облысының әкімі болып 2022 жылы Әбілқайыр Ысқақов тағайындалған болатын. Екібастұздағы жағдайдан кейін ол да өз орнын сақтап қалмады. Павлодар облысының әкімі болып Байханов Асайын тағайындалды.

Ендігі кезек Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниел Ахметовте. 2022 жылға дейін ШҚО үлкен облыс болды, ал көктемде облыс екіге бөлініп, Абай облысы пайда болған сәтте, ШҚО тізгінін жаңа әкім ұстауы мүмкін деген ақпарат шықты. Алайда ол ақпарат расталмады. Енді міне, бүгін облыс әкімдерін тағайынаудың кезекті легі. ШҚО әкімі Даниал Ахметов өз орнында қала ма, кете ме деген сұрақ шығыс халқы үшін маңызды.

Оның жұмысын сынайтындардың да, құптайтындардың да саны жетерлік. Қыс болса жылу қазандықтарымен мәселе туындап, ойқыш-ойқыш жолдары жылдар бойы жүйке тоздырған Шығыс Қазақстанға Жаңа Қазақстанда жаңа әкім бұйырмады.

2014 жылдан бері ШҚО әкімі болған Ахметов өз орнында қалды. Бұны сарапшылар кадр жетіспеушілгі немесе президенттің Ахметовке деген сенімі арқылы түсіндіруі ықтимал.

Abai.kz

6 пікір