Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 1614 2 пікір 7 Желтоқсан, 2022 сағат 14:08

Дипломат үгіт-насихатшылардың жетегінде кетпеуі керек – Қошанов Бородавкиннің сұхбаты жайында

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс отырысынан кейін журналистерге Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің берген сұхбатына қатысты пікірін білдірді.

«Елшінің сұхбатының кей тұстары оның мәртебесіне сай келмейді әрі пайда әкелмейді деп ойлаймын. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, ол үгіт-насихатшылар мен саясаттанушылардың жетегінде кетпеуі керек», – деп жауап берді Қошанов елшінің мәлімдемесіне қатысты қойылған сұраққа.

«Екіншіден, ксенофобия Ресейде де және басқа елдерде де бар. Саясаткерлеріміздің мәлімдемелері екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі үшін біз мемлекеттеріміздің игілігі жолында бірге жұмыс істеуіміз керек», – деді Мәжіліс Төрағасы.

Еске сала кетейік, кеше Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен русофобия туралы айтып, Ресейдің олармен күреске «көмек беруге дайын» екенін мәлімдеген болатын.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530