Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4075 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 05:48

Ақтау порты солтүстік бағытта кеңейту жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» (АХТСП) республикалық мемлекеттік кәсіпорны «АХТСП-ты солтүстік бағытта кеңейту» жобасы жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады, делінген компанияның сайтында жарияланған хабарда.

Құжатқа сәйкес, жоба бойынша жұмыстардың бірінші кезеңі – гидротехникалық қорғаныс құрылыстарын (толқын бұзғыш пен қорғағыш бөгеттер) салу аяқталып келеді. Жобаның жалпы құны 41,6 млрд теңге тұрады.

Осы жылғы 7-ші тамызда Ақтау портында толқыннан қорғағыш бөгеттерді қабылдау болды. Мемлекеттік қабылдау комиссия құрамына ҚР көлік және коммуникация министрлігінің, Ақтау портының, бас мердігердің және мүдделі меморгандар мен мекеме өкілдері кірді.

Бөгеттерді салу жобаны іске асырудың бірінші кезеңнің негізгі сегменттерінің бірі және ол порттың кеңейтілетін бөлігіндегі алдағы теңіз табанын тереңдету, жағалау құрылыстарды, алаңдарды, инженерлік желілерді салудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Толқыннан қорғағыш бөгет – порт айдынын толқындардан қорғау үшін жағалаудан бастап теңізге қарай салынатын қиындысында трапеция іспеттес тік тұрғызылған қабырға түріндегі бөгет. Теңізге кіріп тұрған бөлігінде жарық шам не маяк орнатылған. 

Ақтау портын кеңейту порт арқылы тасымалданатын жүк ағымының артуымен байланысты болып отыр.

Ақтау теңіз портын кеңейту жобасын іске асыру - осы порт арқылы мұнай мен құрғақ жүктердің тасымалдануын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде 4 мұнай құятын айлақ, құрғақ жүктер үшін 3 әмбебап айлақ, экологиялық айлақ, қорғаныш гидроқұрылымдар мен қосымша инфрақұрылымдар салынады.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Каспий теңізінің шығыс бөлігінде орналасқан және құрғақ жүктер мен шикі мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған.

2009 жылғы 7 ай қортындысында АХТСП-та 7,8 млн тоннадан астам құрғақ және мұнай өнімдері өңделді. Осы аралықта 963 кемеге қызмет көрсетілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530