Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3444 0 пікір 25 Ақпан, 2013 сағат 07:29

Жұмамұрат Шәмші. Қазіргі қазақ: «сен тисең де мен тимеймін»

Дүние жүзінде маңдайының соры бес елі ұлт екеу болса, оның бірі қазақ, егер ондай ұлт біреу ғана болса, соның нақ өзі де қазақ боларына көнігіп, амалсыздан күйінбеске лажым жоқ. Өйткені, біздің ұлттың аспанынан ешқашан түнерген бұлт арылған емес және арылмайтын секілді. Қазақ қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аңсап жайбарақат жүре беретін халық. Өмір бақи «сен тимесең, мен тимеймін» деп өмір сүреді. Тіпті, соңғы кездері «сен тисең де, мен тимеймін» дейтін сияқты. Осыны сезген келімсектер мен шетелдік инвесторлар ойына келгенін істеп жатыр.

Дүние жүзінде маңдайының соры бес елі ұлт екеу болса, оның бірі қазақ, егер ондай ұлт біреу ғана болса, соның нақ өзі де қазақ боларына көнігіп, амалсыздан күйінбеске лажым жоқ. Өйткені, біздің ұлттың аспанынан ешқашан түнерген бұлт арылған емес және арылмайтын секілді. Қазақ қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аңсап жайбарақат жүре беретін халық. Өмір бақи «сен тимесең, мен тимеймін» деп өмір сүреді. Тіпті, соңғы кездері «сен тисең де, мен тимеймін» дейтін сияқты. Осыны сезген келімсектер мен шетелдік инвесторлар ойына келгенін істеп жатыр.

Осы жылдың 20 ақпанында   Маңғыстау облысындағы кеншілер тағы да ереуілге шықты. Өйткені, шетел жұмысшыларының жалақысы біздің «қара табан күс білектілердікінен» көп артық. Оның үстіне кәсіпорын басшыларының себепсіз ескертулері мен жұмыстан шығарамын деген қоқан-лоққысы тағы бар. Өз елінде қор болған қазақтан басқа  ұлт жоқ шығар, сірә. Оларды тәртіпке шақыратын биліктің сиқы анау. Бір-бірімен қырқысып кланға бөлініп алған. Біздің елде кез келген саланы алсаңыз, шикілік пен шалағайлық, барлығы атүсті жасалады. Ешкім ештеңеге жауап бермейді. Жауапкершіліктің не екенін еш түсінбейтінге ұқсайды. Тергеп-тексеру, таңдап-талдау, сараптап-саралау, тиімді-тиімсіз тұсын түйсіну деген атымен жоқ. Жоғары лауазымды біреу бірдеңе десе болды, ұлардай шуылап қоя беретін жаман әдет бойымызға әбден сіңген. Ол дұрыс па, әлде бұрыс па? - деген сұрақ қойылмайды. Енді жеке-жеке талдап көрейік.

2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың басшылығымен қыруар қаржыға Израил мемлекетінен қару-жарақ сатып алынып еді. Қазақстанға әкелген соң, ол қару-жарақтар атылмай қалыпты. Содан не керек, қорғаныс министрі Даниал Ахметов жеті қат жерге түсті ме, көкке ұшты ма, әйтеуір зым-зия жоқ болды. Полицияның оны іздемейтін себебі Д.Ахметов мырза билікпен әлдеқашан «есептесіп» қойған деседі. Оның орнына Әділбек Жақсыбеков келді.

Қазақтелекомның бастығы 365 мың доллар алатынын Президенттің өзі жариялады.   ТМД елдерінің ішіндегі ұялы телефонға бірлік салу жөнінен ең қымбат ел біздің Қазақстан. Орталық Азия елдерінің ішіндегі Өзбекстан мен Түркменстанда ұялы телефонмен сөйлесу өте арзан: 1000 теңгеге екі ай сөйлесесің.

Оңтүстік Қазақстан облысында 24 балаға Вич жұқтырып алып, ақыры әкім Болат Жылқышиев орнынан кетіп тынды. Үш айдан соң, Б. Жылқышиев мырза сенат депутаты болып Астанадан бір-ақ шықты. 24 баланың ата-анасы зар жылап қалды. Оны ойлап жатқан ешкім жоқ. ОҚО бас дәрігері «бәрі жақсы болады» деп сендірді. Қытайда тышқақ лақты абайсызда жеп қойсаң, басыңнан айырыласың, ал бізде керісінше лауазымың жоғарылап өсесің. Мұндай диагнозды тек біздің дәрігерлер ғана қоя алады. Осы уақытқа дейін ақтөбелік дәрігерлер 17 жастағы жігітті «жүкті» деп еді. Жуырда ғана Алматы облысындағы Ескелді ауданының дәрігері Марал Қабдешова 50 жастағы ер адамға «қарны жүктіліктің әсерінен үлкейген»-деп қағаз жазып берген. Әлгі қағазға дұрыстап мән бермеген Қарабұлақ ауылының тұрғыны өзі қызмет ететін мекемеге дәрігердің анықтамасын әкеліп береді. Ал ондағы медбике жерден жеті қоян тапқандай әріптесінің «жүктілігін» барша жұртқа жария етеді. Абыройы айрандай төгілген азамат медициналық анықтама қағазын берген дәрігерді, сондай-ақ әріптестері алдында масқара еткен медбикені сотқа бермек. Міне, біз сеніп жүрген медицинамыздың сиқы осындай.

2010 жылы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мырза «2015 жылға қарай жылына 60 мың тонна ет экспорттаймыз. Ол үшін шет елден мал әкеліп, осы саланың әлеуетін көтеру қажет» деуі мұң екен, қолына чемоданын алып, шенеунік біткен шекара асып, шұбырып кетті. Ақыр соңында  «Үкімет бағдарламасында әлемдегі ет индустриясы дамыған АҚШ, Австралия, Канада және Австрия секілді елдерден 73 мыңға жуық асыл тұқымды мал сатып алынсын» --деген қаулы шығарып, қол қойдырып, «ҚазАгроның» сол кездегі бастығы Асылжан Мамытбековтің қолына табысталған.

2012 жылы жаз айларында Солтүстік Қазақстан облысына әкелінген «Леонов» және  «Полтавское» шаруашылығындағы 722 бас сиырдың барлығы ауру болып шықты. Ауру болғанда да елімізге баяғыдан таныс аусыл мен бруцеллез секілді үйреншікті науқас емес, аты да заты да медицинада беймәлім вирустық диарея мен шмалленберг деген су жаңа ауру. Ең сорақысы, еті мен сүті адамға зиян тіпті, ауа арқылы жұғуы ғажап емес. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Нығмет Жақыпбаев мырза болса 2 ақпан күні «әрқайсысы 5-6 мың доллар тұратын 722 бас ірі қара биыл туылған 250 бас бұзауымен қосып өкпесіне аммиак егіліп, өртеліп жіберілді» -  деді.  Австриялықтар Қазақстандық зертханалардағы зерттеулердің нәтижесін мойындамай отырғанын мәлім етті. Сондықтан Қазақстан тарапы Халықаралық эпизоотикалық бюроның референт зертханаларына жүгініпті. Олар өз кезегінде Қазақстандық ветеринарлар қойған диагнозды құптап отыр деген. Австрия елінен шығын болған қаржыны қайтарып алу мәселесі қозғалып жатқанын атап өтті. Бірақ, Австрия жағы оны мойындамай отыр. Шет елден әкелінген сиырларға төленген қаржы  «Қаз Агроқаржының» қалтасынан төленгенімен, оның бәрі мемлекеттің ақшасы. Сол себепті желге ұшқан қаржының қайтуы да екіталай.

2013 жылдың 6 ақпанда вице-премьер Қайрат Келімбетов «Қазақстанда құрылып жатқан Бірегей жинақтаушы зейнетақы қорының (БЗЖҚ) иесі -Қазақстан Үкіметі, ал активтерін басқару Ұлттық Банк еншісінде. Есесіне қазіргі зейнетақы қорлары түгел таратылмай, инвестициялық портфельді басқарады» деді. Яғни, 10 зейнетақы қорында шашырап жүрген 20 млрд  долларымыз бір қазанға құйылады. Енді ол қазанды қалай сапырса да Ұлттық Банктің өз еркі. 17 ақпанда Григорий Марченко зейнетақы қорларының үш варианты бар екенін ашық айтты. Зейнетақы қорлары ерікті салымдармен жұмыс істейтін зейнетақы қоры ретінде жұмысын жалғастырады, болмаса өз еркімен таратылып, нарықтан кетеді. Өзін-өзі жойғысы кететін қорлар активтерін сатып, бастапқы капиталын қайтарып ала алады. Бұл енді қордың өз шаруасы.

«Біздің уайым -  «жекеленген кәсіпкерлердің» уысынан шығып, жекелеген шенеуніктерге тұтылмаймыз ба деген уайым» дейді менің енем. Ертең желдің қай жақтан есіп, тағы қандай реформа боларын кім білсін. Әйтеуір халықтың әзірге ойы «айдаладағы кәріс пен орысқа жем болғанша, туған Үкіметіме желінген жақсы» дегенге саяды. Қанша дегенмен, бұл қазақты кім алдамады десеңші, алданып қалуға етіміз үйреніп бітті...

Қазақтың желкесін тесіп, қанын сорып отырса да дым демейді, тұяқ серпімей, қамсыз отыруы қазіргі жаһандану заманына жараспайды, жарамайды. Атқарушы билікке қарапайым халықтан бастап Парламент депутаттарына шейін - бәрінің өкпесі қара қазандай. Соңғы кездері «ауруын жасырғанның арам өлетінін» түсінді ме, тіпті заң шығарушы билік енді Үкіметтің қателіктерін баттыйтып бетіне басып ашық сынауға көшті. Түрлі себептерге байланысты «білегі көтере алса да, алмаса да шоқпарларды беліне байлай берген» Үкіметке әлі келетін тірлікпен айналысуды қатаң тапсыруда. Әй, әйткенменде осының өзі уақытша тапсырма болып жүрмесін. Бізде бәрі абың-гүбің, асығыс басталып, ақыры аяғы сұйылып кетеді емес пе?
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3605