Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 1387 0 пікір 6 Желтоқсан, 2022 сағат 13:40

Министр: «Екібастұз ЖЭО-ны сатып алу - шығын»

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұз жылу-электр орталығын мемлекет меншігіне беру мәселесі туралы айтты.

«Бұл мәселе әлі талдау сатысында тұр. Мұнда шешім қабылдамай тұрып, оның жағдайын тексеру керек. Егер бұл мемлекетке үлкен ауыртпалық салса және іс жүзінде біз объектіні алып, иесіне сыйлық жасағандай боламыз. Сосын оған барлық қаражатты саламыз. Сондықтан, ең алдымен, жағдайды бірлесіп түзету мәселесін қарастыру қажет», - деді Серік Жұманғарин Үкіметте журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге Серік Жұманғарин Александр Клебановтың «Екібастұз ЖЭО-сын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайынмын” деген пікіріне қатысты сұраққа жауап берді.

«Үкімет бұл орталықты бір теңгеге сатып алып, 1 млрд теңге шығынға ұшырауы мүмкін. Сол үшін ЖЭО жай-күйін толық қарастырып, қанша қаражат кететінін талдау керек», - деді министр.

Бұдан бұрын олигарх Александр Клебанов Екібастұз жылу-электр орталығын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екендігін айтқан болатын.

 

Abai.kz

0 пікір