Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 2347 1 пікір 5 Желтоқсан, 2022 сағат 14:53

Қазағым деп еміренген Демирел...

Шарм эль-Шейхтегі отельде тоқтаған сьют-бөлмеміздің есігіне осы бөлмеде кезінде Түркия президенті Сүлеймен Демирел тұрғаны туралы жазып қойыпты. Жақсылыққа ырымдайтын халықпыз ғой. Қазақ пен түрік елінің етене жақын достық қарым-қатынастың орнауына өлшеусіз үлес қосқан жанның бірі осы Сүлеймен Демирел.

Қазақстан тәуелсіздігін енді алған тұста Сүлеймен Демирел Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде несие алып береді. Ол кезде жаңадан құрылған елге қарызды кім бере қойсын? Ондай ақша өзінде де болмаған соң, Түркия өзгеден қарыз алады. Егер Қазақстан уақытында төлей алмаса, өзіміз өтейміз деген шартқа Демирел қол қояды. Алғашқы қарызды Қазақстан өзі өтейді. Сөйтіп шетелдік инвесторлардың сеніміне кіруімізге мұрындық болған осы Демирел.

Қазақстанның білім саласына, әсіресе жоғарғы білім саласына да үлесі зор тұлға. Түркістандағы Қазақ-Түрік унивенситетінің, Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінің іргетасын қалаған да осы кісі.

Дәнеш Байболатов

Abai.kz

1 пікір