Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 1795 1 пікір 5 Желтоқсан, 2022 сағат 14:31

Екібастұз бен облыс әкімі кім жағында?

Әрине Крук мырза қазақша білмейді екен. Олай топшылайтынымыз екі күнде бір қазақша сұраққа жауап бермеді...

Сол үшін әңгімеміз тек Аян Уахитұлымен "жарасты"...

Менің ойымша кез келген әкім халық жағында болуы керек. Екі күн брифингке қатыстым...

Бірінші күні Аян мырза "ұйқым келіп отыр" деді. Әрине, шаршап жүрсе орнын босатып кетуіне толық хақы бар екенін менсіз де білетін шығар деп, үндемедік...

"Шәй ішіп" отырып кейін бәрін айтып беретінін де айтты...

Мен нақты Клебанов неге келмейтінін сұрадым. Халық болып шақырыңыздар деді... қуанып қалдық. Қуанышымыз ұзаққа бармады... бүгін бәрі заң аясында болуы керек дейді... бүкіл заңы шенеунік пен олигархтарды қорғайтын елде тұратынымызды ол кісілер білмесе керек...

Екі күнгі брифингта қазақша сөйлемек түгіл, қазақша түсінбейтін Крук мырзада сол жерде отырды. Жәй отырмай заң бұзып отырды ғой мысалы... Сонда Аян Уахитұлы менен қалай заң туралы талап етеді?! Мемлекетімізде мемлекеттік тілді білмейтін адам қашаннан бері әкім болатын болған?! Осыдан кейін менің бүкіл заңы тек халық пен кедейлерге арналғаны туралы сұрақты қоюға хақым бар шығар?!

Әңгіменің төркіні Клебановты шақыру туралы. Біз әкімдерден сұрадық. Олар шақыра алмайтынын айтты. Енді біз халық болып шақырайық, талап етейік дейміз... бәрі заң аясында болсын дейді. Біз мәселе заңнан қашып тұрған жоқпыз. Мәселе заңның күші олигархтар мен шенеуніктерге әсер етпейтінінде ғой...

Мына жерде логиканың жоқтығын айта кетейін. Сонда мен заң аясында Клебановты шақыруым керек. Мен заң аясында Клебановты шақырып, оның халыққа моральдық және қаржылық шығын өтеуін талап етпесем заң оны жауапқа тартпайма сонда?!

Менің осы елдің азаматы ретіндегі хақым қайда қалды? Екібастұз халқының хақы мен құқы ше?

Ел жаппай Клебановты сұрап жатыр. Менің түсінгенім Клебановтарды жауапқа тарту мүмкін емес болып отыр. Митингқа шықсақ ренжімеңдер дейді... әкім байқап жүріңдер деді... Осында жүріп көзім жеткені Екібастұз бен облыс әкімі орнына олигархтарды қорғайтын азамат емес халықшыл, принципшіл азаматтар келмей ТЭЦ-тің проблемасы шешілмейді...

Ал ТЭЦ-тің жағдайы өте мүшкіл... өкінішке қарай әкімдер халық жағында емес сияқты...

Серік Қасенов 

Abai.kz

1 пікір