Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 1367 0 пікір 5 Желтоқсан, 2022 сағат 14:24

Арт-менеджментті дамытуға арналған алғашқы жоба

Бүгінгі таңда Арт-менеджмент, әсіресе елдік PR, кластерлік тәсіл негізінде туристік саланы дамыту және көрмелерді, медиа-арт кеңістіктерін, сән индустриясын шығару саласындағы жас ұрпақтың бағыты тұрғысынан үлкен сұранысқа ие.

Желтоқсанның 6-ы күні Қазақстанда «Орталық Азиядағы медиа-арт бағытын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында арт-менеджментке арналған презентация өтеді. Мұнда бар мазмұнды ұсынып қана қоймай, виртуалды шындық технологияларына негізделген эстетикалық және жеке сезімдерді тудыратын өнердің жаңа түрін таныстыру болады.

Іс-шараның басты назарында эксклюзивті тәжірибе бар: кеңейтілген және виртуалды шындықтың, 3D және жасанды интеллекттің шексіз мүмкіндіктері тарқатылып айтылатын болады. Мұның бәрі Қазақстанның заманауи және дәстүрлі мәдени ландшафтының ең жарқын құбылыстарын жеткізуге және шығармашылықпен қайта қарауға көмектеседі.

Қазіргі заманғы технологиялар дәуірінде вебтундарды ұйымдастыру және насихаттау (кор. 웹툰 — оңтүстік кореялық цифрлық комикс, әдетте смартфондарда оқуға арналған) Қазақстан аумағында 11-16 жас аралығындағы өскелең ұрпақтың мәдени қалыптасуы үшін зор әлеуеті бар.

Осы тақырыппен егжей-тегжейлі танысу мақсатында вебтун саласындағы спикерлер, өз саласының білікті мамандары шақырылды:
Джон Ким - Prozect компаниясының атқарушы директоры және продюсері, Asia консалтингтік компаниясының бас директоры, АҚШ, Корея Республикасы;
Кейт Ким - Кореяның Манхва вебтун академиясының бас директоры, АҚШ, Корея Республикасы.

Аталған тақырыптар Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінің базасында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында жарияланады.

Тақырыбы: «Орталық Азиядағы медиа-арт бағытын дамыту ерекшеліктері»
Күні: 2022 жылғы 6 желтоқсан
Уақыты: 11.00-14.00.
Мекен - жайы: Абай 8а (UIB университеті)

Abai.kz

0 пікір