Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
1437 1 пікір 5 Желтоқсан, 2022 сағат 14:09

Такси жүргізушілері мен курьерлерге салық енгізіледі

Такси жүргізушілері мен курьерлер де салық төлейтін болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

«Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері рөлінде онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады. Олар осында жұмыс істейтін азаматтар атынан тиісті төлемдерді жүргізеді», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол Әлеуметтік кодекс жобасында әлеуметтік сақтандыру және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға мәселесі ескерілгенін айтты.

 

Abai.kz

1 пікір