Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4855 0 пікір 22 Ақпан, 2013 сағат 13:10

Интерент-конференция: Дүйсен Қасейінов (басы)

Конференциямыздың кезекті қонағы, ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының төрағасы Дүйсен Қасейінов мырза оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап бере келіп: "ТҮРКСОЙ ұйымының атауы ең басында түрік тілінде TÜRK Kültür ve Sanat Ortak Yönetimi (ТҮРк Күлтүр ве Санат Ортак Йөнетими, қазақшасы: Түркі мәдениеті мен өнерінің ортақ ұйымы) тіркесінен қысқартылып «TÜRKSOY»  деген атаумен қалыптасқан.  Бірақ, бұл атау аббревиатура ғана емес, «түрік»(түркі) және «сой»(тек, негіз) деген  екі сөзден құралып «түркітектес» деген де мағына береді. «Сой» сөзі «ата», «тек» мағынасында Махамбет жырларында да кездеседі. 2009 жылы Баку қаласында өткен Түркі республикалары Мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінде ұйымның толық атауы қолданысқа ыңғайлы болу үшін «Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы»(түрікше:Uluslar arası Türk Kültürü Teşkilatı, ағылшынша: INTERNATİONAL  ORGANİZATİON  OF  TURKİC CULTURE) болып өзгертіліп, қысқаша түрі «ТҮРКСОЙ» аббревиатурасын сақтап қалды. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы туралы толық ақпаратты www.turksoy.org веб-сайтынан  түрік, ағылшын, орыс тілдерінде оқи аласыз", деп оқырманғы ТҮРКСОЙ ұйымы туралы ақпарат береді.

Конференциямыздың кезекті қонағы, ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының төрағасы Дүйсен Қасейінов мырза оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап бере келіп: "ТҮРКСОЙ ұйымының атауы ең басында түрік тілінде TÜRK Kültür ve Sanat Ortak Yönetimi (ТҮРк Күлтүр ве Санат Ортак Йөнетими, қазақшасы: Түркі мәдениеті мен өнерінің ортақ ұйымы) тіркесінен қысқартылып «TÜRKSOY»  деген атаумен қалыптасқан.  Бірақ, бұл атау аббревиатура ғана емес, «түрік»(түркі) және «сой»(тек, негіз) деген  екі сөзден құралып «түркітектес» деген де мағына береді. «Сой» сөзі «ата», «тек» мағынасында Махамбет жырларында да кездеседі. 2009 жылы Баку қаласында өткен Түркі республикалары Мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінде ұйымның толық атауы қолданысқа ыңғайлы болу үшін «Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы»(түрікше:Uluslar arası Türk Kültürü Teşkilatı, ағылшынша: INTERNATİONAL  ORGANİZATİON  OF  TURKİC CULTURE) болып өзгертіліп, қысқаша түрі «ТҮРКСОЙ» аббревиатурасын сақтап қалды. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы туралы толық ақпаратты www.turksoy.org веб-сайтынан  түрік, ағылшын, орыс тілдерінде оқи аласыз", деп оқырманғы ТҮРКСОЙ ұйымы туралы ақпарат береді.

Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов  2003-2004 жылдар аралығында ҚР Мәдениет министрі болды. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері. 2008 жылдан бері ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті халықаралық ұйымында төрағалық қызмет атқарып келеді.

 

- Дүйсен ағаны интернет-конференцияға шақырғандарыңыз дұрыс болған екен, абайшылдар! Енді ағаға сұрақ: Расында Түркі әлемінің ХХI ғасырда табысуы мүмкін бе?

- Тарихи дәуірлерге болжау айту - аса абыройлы жұмыс емес. Кез-келген тарихи дәуірлер секілді ХХІ  ғасырдың да адамзат тарихына өз тартуын ұсынатыны анық. Түркі әлемінің табысуы не бірігуі түркі халықтары мен мемлекеттерінің  саяси-экономикалық дамуына, ең бастысы, мүдделерінің тоғысуына байланысты. ХХІ ғасырды «түркілердің ғасыры», «мұсылмандардың ғасыры» болады деген болжамдар өткен ғасырда айтылған. Қазіргі әлемдегі негізгі күрестің энергия үшін болып жатқанын көзі ашық оқырманның көріп отырғаны анық. Олай болса, энергия  көздеріне (мұнай, газ, уран т.б) бай  Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан мемлекеттерінің мүддесі осы байлықты әлемдік нарыққа тасымалдау жолында жатқан Түркияның мүддесімен тоғысуы әбден мүмкін деп ойлаймын.

- «ТҮРКСОЙ» дегенді таратып айтыңызшы. Осы ұйымның атуын әлі күнге түсінбей жүрмін.

-ТҮРКСОЙ ұйымының атауы ең басында түрік тілінде TÜRK Kültür ve Sanat Ortak Yönetimi (ТҮРк Күлтүр ве Санат Ортак Йөнетими, қазақшасы: Түркі мәдениеті мен өнерінің ортақ ұйымы) тіркесінен қысқартылып «TÜRKSOY»  деген атаумен қалыптасқан.  Бірақ, бұл атау аббревиатура ғана емес, «түрік»(түркі) және «сой»(тек, негіз) деген  екі сөзден құралып «түркітектес» деген де мағына береді. «Сой» сөзі «ата», «тек» мағынасында Махамбет жырларында да кездеседі. 2009 жылы Баку қаласында өткен Түркі республикалары Мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінде ұйымның толық атауы қолданысқа ыңғайлы болу үшін «Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы»(түрікше:Uluslar arası Türk Kültürü Teşkilatı, ағылшынша: INTERNATİONAL  ORGANİZATİON  OF  TURKİC CULTURE) болып өзгертіліп, қысқаша түрі «ТҮРКСОЙ» аббревиатурасын сақтап қалды. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы туралы толық ақпаратты www.turksoy.org веб-сайтынан  түрік, ағылшын, орыс тілдерінде оқи аласыз.

- Түркі халықтарының ғылыми жетістіктері оның болашағы туралы не айтасыз? Түркия Ататүрік бастап, Еуропалық өркениетке жетуге ұмтылды. Бірақ еліктеуші күйінде қалды. Қазіргі кезде неосмандықты қайта жаңғыртқысы келетіні байқалады. Түркияның өз ішінде текетірес жүріп жатқан сияқты. Сол секілді түркі халықтарының болашақ бірлесу моделі қандай болмақ? Түркі халықтары тілдік, ділдік (менталитет) тұрғыдан көп алшақтап кеткен. Экономикалық даму деңгейлері, халқының саны, жер байлығының мүмкіндіктері әртүрлі. Әрқайсысының амбициялары бар. Бұл бірлестікке Қазақстан көбірек бастамашы болып жүрген секілді. Ал Түркияның мүддесі Қазақстанға көбірек ауатын сияқты. Күлшелі бала сүймекке жақсы екені белгілі емес пе?! Оның үстіне 2050 жылы түріктердің саны 120-130 миллионға жетеді деген болжам бар. Олар қайда барады? Еуропа маңайлатпайды. Басқа түркі халықтарының жағдайлары белгілі. Жалғыз-ақ майшелпек Қазақстан бар. Сіз түркі халықтарымен қоян-қолтық араласып жүрген адам ретінде осы мәселелерге тұжырымдап жауап беріңізші.

Құрметпен, Ерасыл

- Сұрағыңыз үшін көп рахмет, Ерасыл. Өзіңіз байқағаныңыздай, түркі халықтарының бірлігіне қатысты көптеген бастамаларға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болып жүр. ТҮРКСОЙ-дың, Түркі Кеңесінің, ТүркПА-ның, Түркі Академиясының құрылуына, дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Бұл - біздің еліміздің көпвекторлы саясатының көрінісі. Қазақстан - түркі әлемінің экономикалық қуаты бойынша екінші, халқының саны бойынша үшінші тәуелсіз мемлекеті. Сондықтан, аталған көрсеткіщтер бойынша бірінші орында тұрған Түркияның Қазақстанмен экономикалық, саяси, мәдени тығыз қарым- қатынаста болуы екі ел үшін де өті тиімді. Әрине, «Есепті дос айрылмас» деген қазақ мақалын да ескере отырып, ағайынмен араласқанда да өз мүддемізден ұтылып қалмауымыз керек.

- Дүйсен інім, қазақ пен өзбекті қалт-құлт еткен қартаң диктаторлар басқарып отырғанда, татар мен башқұрт Ресейдің боданы болып отырса, түрік пен қырғыз демократиялық ел болса, түрікпен елін менмен диктатор басқарып отырған болса, осындай ала-құла елдер қалай біріге алады? Әр диктатордың амбициясы бастарынан асып жатқан жоқ па? Әжербайжан өз алдына бір патшалық, ұйғыр халқы Қытайдың құрсауында, қарақалпақ елі Ислам аканың «өгей» баласы...

Есенғали, Қожа елінен

- Мәдениет ұйымын басқарып отырғандықтан саяси сұрақтарға жауап бермесем де болар еді, дегенмен, сұрағыңызға қысқаша жауабым төмендегідей:  Әлемдік деңгейдегі жаһандану процесі кез-келген мемлекетті түптің-түбінде аймақтық, не жаһандық саяси, мәдени, экономикалық т.б. интеграцияға алып келеді. Ал интеграция бірте-бірте саяси жүйелерді де өзгеруге, бірыңғайлануға немесе демократиялануға мәжбүрлейді. Дамуды мақсат еткен кез-келген мемлекет жабық қоғамда алға жылжи алмайды.

- Құрметті Дүйсен Қорабайұлы! Есімі түркі жұртына белгілі, көрнекті қоғам қайраткері, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ-түрік байланысына айтарлықтай үлес қосқан Хасан Оралтайдың биыл 80 жылдық мерейтойына ТҮРКСОЙ тарапынан қандай іс шаралар жоспарланған? Шетелде жүрсе де АЛАШ үшін, ҚАЗАҚ үшін, бүкіл түркі бірлігі үшін аянбай еңбек еткен ағамыздың мұрасы жинақталып, келер ұрпаққа ұсынылса игі іс болар еді.

Құрметпен Бағила Төребекқызы

- Хасан Оралтай ағамыз - Түркия қазақтары ішінен шыққан санаулы қоғам қайраткерлерінің бірі, әрі исі қазаққа ортақ тұлға. Сондықтан, оның 80 жылдығын атап өтуді ең әуелі қазақ мемлекеті қолға алуы керек. Соңғы кезде ұлтымызға ортақ ірі тұлғалардың мерейтойларын туған өңірлерінде ғана өткізу секілді жаңсақ үрдістің қалыптасуына қарсымын. Неге Махамбет тек қана Атырауда, Қасым тек қана Қарағандыда аталуы керек? Олардың мұрасы қазаққа ортақ емес пе еді?... ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ретінде Хасан ағаның  80 жылдығына қатысты Түркияда,  Европада өтетін шараларына қатысамыз. Ал Қазақстанда қандай шаралар өтетіні туралы әзірге хабарым жоқ.

- Түркі халықтарын біріктіреміз деген әрекеттеріңізді қолдаймыз. Әйткенмен, Өзбекстан өз алдына, Қазақстан Ресей ықпалында, Түркия АҚШ ықпалында жүрген жоқ па? Тіпті түркілердің бірқатар үлкен мемлекеттері Ресейдің боданында. Осының бәрін үйлестіруге ерік-жігер жете ме?
ӨЗБЕК

-Біздің ұйымның «түркі  халықтарын саяси тұрғыдан біріктіреміз» деген мақсаты жоқ. Алайда, туыс халықтардың мәдени тұрғыдан жақындасуына 20 жыл бойы қызмет етіп келеміз. Әртүрлі мемлекеттерде, түрлі саяси бағытта дамып жатсақ та бүгінгі түркі жұрттары тілдік, ділдік тұрғыдан әлемдегі бір-біріне ең жақын халықтар. Жеке ұлт болып қалыптасулары бұдан 1200-1000 жыл бұрын басталса да ғылымда түркілер әлі күнге біртұтас суперэтнос болып есептеледі. Бізді біріктіруші мемлекеттер емес, бізді біріктіріп тұрған - ортақ мәдениетіміз. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының мақсаты- осы ортақ мәдениетті насихаттау арқылы ағайынның арасын жақындастыру, қысқаша айтсақ, алысты жақын, аразды тату ету.

- Түркі жұртына кімдер жатады? Өзінің түбін түркі атайтын ұлттар қанша? Олар қай жерлерде орналасқан? Осы сауалдарыма нақты бір жауап алғым келеді.

-Түркітанушы ғалымдардың айтуы бойынша, қазіргі күнде әлемде жалпы саны 230 миллионнан асатын 40-қа жуық түркі халықтары бар. Жалпы жұртқа белгілі түрік, әзірбайжан, өзбек, қазақ, қырғыз, түркімен, татар, ұйғыр секілді ірі ұлттармен қатар, саны азайып жойылып кетудің алдында тұрған қырымшақ, қарайым (Украина), шор, телеуіт, хакас (Ресей), сарыұйғыр, салар (Қытай) секілді аз ұлттар да бар.  Сұрағыңызға толық жауап алу үшін Алматыдағы «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан 2004 жылы шыққан «Тюркские народы» жинағын қарауыңызға болады.

- ТҮРКСОЙ 20 жылдың ішінде не істеді? Не тындыра алды? Әлде концерт қойып, той тойлап бітпей жатыр ма? Меніңше солай сияқты. Өйткені мен бүгінгі түркі жұртынан қандайда бір мәдени, рухани тұтастық көріп отырған жоқпын.

Шах-Мұрат

-ТҮРКСОЙ түркі халықтары мәдениетінің барлық саласында ортақ жобаларды іске асыруда. Әрине, той тойлауды да ұмытпаймыз. Мәселен, Наурыз мерекесін 2010 жылы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде, 2011 жылы БҰҰ штаб-пәтерінде «тойладық». Біздікі «тойдан» гөрі түркі халықтарының  мәдени ерекшеліктерін Европа, Америка, Азия халықтарына таныту мақсатына арналған. Жыл сайын суретшілердің, мүсіншілердің, фотосуретшілердің, ақындардың, жазушылардың, журналисттердің, сәулетшілердің, музыкатанушылардың, фольклортанушылардың т.б. кездесулерін, симпозиумдары мен конференцияларын өткіземіз. Тұрақты журнал, ғылыми-танымдық кітаптар шығарылады. Ұйымның қолдауымен деректі фильмдер түсіріледі, бірнеше мемлекетте театр фестивальдары, музыкалық конкурстар, жарыстар өткізіледі. Анкарада Дина Нұрпейісова атындағы парк ашылып, Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов ескерткіштері орнатылған. Осының бәрі Сіздің түсінігіңізде «той» болса, мұндай «тойларды» әруақыт қолдауға әзірміз. Біздің ұйымда жасалып жатқан жұмыстармен танысып отыру үшін Сізге де www.turksoy.org веб-сайтынан  түрік, ағылшын, орыс тілдеріндегі ақпараттарды оқып отыруды ұсынамын.

- Елбасымыз Назарбаевтың өткен күзде Түркияға іссапармен барып "біз қазақ бұрын патшалы Ресейдің, содан кейін сәбет өкіметінің боданында болдық" деген сөзін орыс баспасөзі әлі күнге кешіре алмай жүр. Неге олай деп ойлайсыз? Осы Ресейге бір дос ел болса, ол Қазақ шығар. Осыны неге бүгінгі орыс қауымы түсінбейді. Сіз не дейсіз?

- Орыс қауымының мұны әлі күнге мойндамауын мен де түсіне алмаймын. Тарихта болған нәрсені ешкім жоққа шығара алмайды. Бодан болғанымыз рас. Елбасы тарихи шындықты айтты. Оның астарынан ойын іздеушілердің ойы онша дұрыс емес-ау деген пікірдемін.

- Дүйсеке, Түркияда тұрған жақсы ма? Мен де сол жаққа қоныс аударйын деп едім біржола баспана жағы қалай болып тұр екен. Өйткені Алматы мен Астанадан үй сатып ала алмайды екенмін.

-Біз Түркияда қызмет бабымен уақытша тұрып жатырмыз. Түрік халқы бауырмал, қазақты жақсы көретін өз ағайындарымыз болғасын өзімді жат жерде жүргендей сезінген емеспін. Тұрақты тұру мен баспана сатып алу туралы сұрағыңызға Қазақстандағы Түркия Елшілігінен толық жауап аларсыз деген ойдамын. Себебі, мен бұл жақтан баспана сатып алған емеспін.

(жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір