Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3509 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 05:47

Алматының ойынханаларынан жалпы құны 160 млн теңгелік 331 дана ойын автоматтары алынды – прокуратура

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – Қалалық құқық қорғау органдарымен 331 ойынханалық жабдықтар, оның ішінде 324 ойын автоматтары алынып, олардың жалпы құны кедендік орган мәліметтері бойынша 150 млн теңге болып, және шамамен 10 млн теңгелік 7 рулетка алынды, деп хабарлады агенттікке қалалық қадағалау органынан. Олардың айтуынша, бұл қаладағы ойын бизнесіндегі автоматтардың азғантай бөлігі. 

Сейсенбі күні таратылған хабарда айтылғандай, «прокуратура органдары ішкі істер органдары және қаржы полициясымен бірлесіп шілденің 22-нен 23-шіне қараған түні жүргізген рейд барысында Алматы қаласында ойын автоматтары залын ашу арқылы заңсыз құмар ойындар жүргізудің 10 фактісі анықтады». 

Қадағалау органының айтуынша, аталған ойын автоматтары ұтыстық пайда көру үшін орнатылған автоматтар екені туралы сараптамалық қортынды алынған.

Қазіргі уақытта сотқа бірнеше әкімшілік іс жіберілген. Олардың 4-еуі бойынша сот қаулысымен 156 ойын автоматы (бағасы 75 млн теңге), 3 рулет (бағасы 4 млн теңгеден асады) тәркіленді. Прокуратурада жасырын ойынхана ұйымдастырушыларына жалпы сомасы 1 млн 36 мың 800 теңге айыппұл салынып, заңсыз казино иелеріне де қатысты осындай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады.

Прокуратурадан 2009 жылы 4-ші мамырда «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Әкімшілік бұзушылықтар туралы кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін және ол 1-ші шілдеде күшіне енгенін айтты. «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес ойын автоматтары мен казиноларға Қапшағай жағалауы мен Ақмола облысының Шучинск ауданынан басқа жерлерде тиым салынған. Айқындалған жерлерден басқа жерлерде құмар ойындар ұйымдастырған жағдайда тек 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып қана қоймай, ұтыстық пайдасы және ойын автоматтары да тәрікіленеді. Егер автоматтар пайда келтіретін болса, ондай автомат залдарына Алматыда тиым салынған. Ойын автоматтары мен казиноның иелерінің арасындағы, егер автоматтар ойыншыға пайда бермесе онда оған рұқсат етілген деген пікір дұрыс емес, деп ерекше атап көрсетілген таратылған хабарда.

«Ойын бизнесіне қатысты заңнаманың сақталуы қалада ерекше бақылауға алынған және бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді», - делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530