Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
1222 2 пікір 5 Желтоқсан, 2022 сағат 12:32

Қазақстан: Коронавирус қайта күшейіп келеді

Өткен тәулікте Қазақстанда 114 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 3 адам  коронавирус пневмониясымен ауырып жатыр. Бір адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Елімізде жалпы 1 397 527 адам коронавирус инфекциясымен, 90 399 адам пневмониямен ауырды, 5 361 адам пневмониядан қайтыс болды.

5 желтоқсандағы жағдай бойынша  1 364 адам емделуде (1 214 КВИ+ және 197 КВ И-), оның ішінде стационарларда 176 науқас, амбулаториялық деңгейде 1 235 адам ем алып жатыр. Ауыр жағдайда КВИ+ және КВИ-мен ауырғандардың ішінен – 7 пациент ауыр жағдайда, 3 пациент өте ауыр жағдайда, 3 пациент ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Abai.kz

2 пікір