Жұма, 29 Наурыз 2024
2039 29 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 15:09

Мұхтар Тілеуберді Ресей-Украина соғысын тоқтатуға шақырды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді  ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Ресей мен Украина қақтығысына тоқтау салуға шақырды.

«Бізге ең алдымен, Ресей мен Украина арасындағы жойқын әскери қақтығысты тоқтату үшін саяси күш-қуат керек. Аталған қақтығыс, сондай-ақ ЕҚЫҰ аумағындағы басқа да шиеленіс ошақтары экономикалық және экологиялық мәселелерді одан әрі арттыруда. Осы жағдайдың бәрі біздің біріккен күш-жігерімізді қажет етеді. Бұл сын-қатерлерден әр мемлекет жеке-жеке аттап өте алмайды. Мәселенің ауқымы үлкен. Сондықтан ұйымға қатысушы мемлекеттер бірігіп ЕҚЫҰ-ның құндылықтарын берік ұстанғанын көрсетуі керек", — деді СІМ басшысы.

Отырыс Польшаның Лодзь қаласында өтіп жатыр. Сондай-ақ, "Орталық Азия және Германия Федеративтік Республикасы" министрлік кездесуінде Тілеуберді әлемдегі геосаяси өзгерістерге және тауарларды, оның ішінде азық-түлікті жеткізудің логистикалық тізбегінің бұзылуына байланысты транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударды.

 

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558