Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3752 0 пікір 22 Ақпан, 2013 сағат 07:25

Дидар Амантай. Бір тамшы ой

Атырап бос. Ішкі жан дүниемде сәуірдің жылуына мойынсұнбаған қар жатыр. Көңілден заманақырдың орнағанын түйсінген сезім айналсоқтап кетпейді.

Жүректе - қыркүйектің жапырақтары, далада - көктем. Жер бетінде ештеңе жоқ. Көз жасы да, сүйкімді күлкі де, шадыман шаттық та, қорғасын мұң да. Түгел қаңырап тұр, рухыңды жасырған тұңғиық әлемің де, жұлдызын тығып қойған ұлан-байтақ жарық ғаламым да.

Сен шық. Қыр астынан көтерілген қалың көш болып, жұртта қалған бейбақты зер кестелі ақ отаудың төріне шығар, тіршіліктің соңын қабылдаған аласапыран сана ниетінен айнысын, төрт құбыла жаһаннамды әдемілік қана құтқара алады.

Құтқаршы мені, сұлулық. Кешегі ер мінездің қайда кеткенін өзім де білмеймін. Жаншылып барамын, өзегім бордай үгіліп түсіп жатқаны, кітаптар сомдаған алтын үзік, ақ шаңқан боз үйімнің тас-талқаны шықты. Кім сағы сынған дәруішті ұстап тұра алмақ, кетейін бе, аруаққа айналып...

Ақ шарбы бұлттарға қанат қағып, мәңгі қар жапқан тау-құздарына ұшып жетемін. Қарсы ал құрбандықты, өлі пенделер мекен-жайы, сендерге тағы жалқы ой ұшып келеді.

Адам - сана, мүмкін тәні жоқ пайым, әлде ғарыштың келте пұшпағында көлемі нүктеден аспайтын құбылыс. Талқы шаршатады, күрделі сұрақтардан бас тартқан кезіңде жалғыз екеніңді түсінесің, таусылмайтын сауал, сөйтіп жүрсем, тек қана көкіректегі жап-жақсы алданыш.

Өлетінімді айтқаныммен, алыс қазаны болжамаған екенмін. Қара жыра қуыстан қорқамын, космос дедектетіп сүйретіп, қараңғы қойнауларына, түпсіз қолаттарына құлатып алып кете бере ме. Зәрем ұшады, құтқаршы мені, сұлулық.

Үлкен қаланың келбеті мола құсап көрінеді. Тынысымды тарылтады, өліктің иісі мүңкіп, қолқаны қабады, қыр етегінен қызғалдағы аңқитын Арқаның жотасына қашайықшы. Көлік кептетілген тар көшелер, жаңсақ пікір қалыптастырған буржуазиялық мораль қағидалары, торда қоян ұстағандай әсер беретін қабат-қабат пәтерге бөлінген ғимараттар, шаһар деп ныспылағанымыз осы емес пе.

Фонарь. Ақырғы автомобилі жоғалған Абылай хан даңғылы. Мүлгіп тұрған Алматы. Атырап бос. Жүректе - қыркүйектің жапырақтары, далада - көктем. Достоевскийді оқу қажет.
Наурыз, 1997.
Abai.kz

0 пікір