Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 1496 1 пікір 30 Қараша, 2022 сағат 16:51

Мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дар қоғамның мәселелерін бірге шешпек

Заманауи мемлекеттің орнықты дамуының маңызды шарттарының бірі - билік, қоғам және бизнес арасындағы өзара әрекеттесуі болып табылады.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзара әрекеттесу барлық үш тараптың мүдделерін есепке алуға және қанағаттандыруға негізделуі керек, тек сонда ғана түпкілікті нәтижеге қол жеткізугемүмкін болады.

Қазақстанда мемлекет, қоғам және бизнес арасындағы тұрақты диалог пен әрекеттесуін дамытуға күш салу құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру процесінің бір бөлігі болып табылатынын айта кеткен жөн. Алайда, бұл модель басым «мемлекет-бизнес» және «мемлекет-үкіметтікемес ұйымдар» тректері бойынша құрылып келді.

Үшжақты әріптестіктің біртұтас және тиімді моделін құруға бағытталған шаралардың бірі 2017 жылдан бастап «Асар» үшжақты ынтымақтастықтың жыл сайынғы форумдарын өткізу бастамасы болды. Әр өңірлерде өткізілген шаралар өзара әрекеттесудің өзекті тақырыптарына, соның ішінде жергілікті қоғамдастықтарды дамыту мәселелеріне арналды.

Айта кетсек үшжақты ынтымақтастықты дамыту тәсілдері мен әдістерінің эволюциясы барысында ағымдағы жылы ASARGA.KZ краудфандингплатформасы іске қосылды. Жоба авторлары атап өткендей, бұл порталдың басқа краудфандинг аландарынан айырмашылығы – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін бизнестен тікелей инвестициялар мен демеушілік көмек алуға бағытталуы.

Порталдың іске қосылуына шамамен екі-үш ай ғана өтті, бірақ осы қысқа мерзімде asarga.kz 15-ке жуық әлеуметтік жоба үшін қаржыландыруды тартуға ықпал етті. Платформа өкілдері атап өткендей, портал даму үшін айтарлықтай әлеуетке ие, бірақ, қиындықтарда кездеседi.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауыныңатқарылуда.

1 пікір