Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3209 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 05:44

Шахтинск қаласында бокстан Азияның үш дүркін чемпионы Ермек Серіков қару оғынан қаза болды

Қарағанды.  12 тамыз. ҚазТАГ – Азияның үш дүркін чемпионы, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ермек Серіков дүйсенбі күні 20:10-да Шахтинск қаласының автостанциясында оң жақ санынан тиген оқтан жарақат алған күйі табылды.

Спортшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оған жедел операция жасалды. Сейсенбі күні Е. Серіков көз жұмды. Оның өліміне қанның көп кетуі және гемморагиялық шок себеп болған.

Қарағанды облыстық ІІД хабарлауынша, қылмыс әзірге ашылған жоқ, тергеу жүргізіліп жатыр. Боксшының сенімхат бойынша басқарған автокөлік табылды, оның салонынан гильза табылды. Болжамдардың біріне сәйкес, спортшы достарымен бірге дәмханада болғанда, дау шыққан.

20 жастағы Ермек Серіков бокстан ҚР құрамасының келешегі мол мүшелерінің бірі болған. Қарағандының бокс мектебінде ол әлем чемпионы Бақтай Сәпиевтен кейін екінші орындағы былғары қолғап шебері саналатын. Қырқүйекте Е. Серіков Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатына қатысуға тиіс еді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563