Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 2248 4 пікір 29 Қараша, 2022 сағат 14:51

Нұрағаңа лайықты құрмет жасайық!

7-арнадан бір әнші баланың концерті болып жатыр. Әлгі баланың ән айтып жүргеніне 15 жыл болыпты. Құдай ақы, бір әнін білмеймін. Өзі өзбек пе, ұйғыр ма — сондай бір ұлттың төлі. Әйтеуір, қазақша ән айтқанымен, қазақша сөйлемейді. Ал енді ән әлеміндегі он бес жылдығы дүркіреп өтуде. Зал толы халық.

Өкінішті. Әлгі әншінің концертін ТВ-дан тамашалап, үйінде Нұрғали Нүсіпжанов отыр. Жасы биыл — 85-те. Сахнада сайран салғанына — 65 жыл. Нұрағам бүгін де бабында. Бірақ неге екені белгісіз, елеусіз қалып барады. Мерейтойы да, сахнадағы 65 жылдығы да атаусыз қалды. Неге?
Нұрағаң — өзімен замандас, тұстас композиторлардың әндерін қалың елге әйгілеген балкөмей әнші. Қаншама ұрпақ Нұрғали Нүсіпжанов салған әндердің әлдиі мен рухына бөленіп өсті десеңізші! Сондай тұлға осы күні көзден таса, көңілсіздеу ғұмыр кешуде.

Жақсыңды жабырқатпа, ағайын! Нұрағаңа лайықты құрмет жасайық!

Дәурен Қуат

Abai.kz

4 пікір