Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2989 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 05:34

Қазақстан мүнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығының мөлшерлемесін $67,29 дейін арттырды

Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығының мөлшерлемесін тоннасы үшін $59,87-ден  $67,29 дейін арттырады, делінген сәрсенбі күні ресми баспасөзде жарық көрген үкіметтің қаулысында.

Құжатқа сәйкес, ҚР сыртқы істер министрлігіне екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың интеграциялық комитетінің хатшылығына ҚР үкіметінің сыртқы сауда қызметін реттеу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабарлау тапсырылды.

Бұл қаулы ресми жарық көргеннен кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.

Бұрын хабарланғандай, 6 тамызда бәсекелестікті қорғау агенттігі (БҚА) үкіметке шикі мұнай, бензин және дизельдік отын экспортына кедендік баж салығын өсіру туралы ұсыныс енгізген болатын.

«Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің экспортына кедендік салықтардың мөлшерлемелері (қазір тоннасы үшін 59,87 АҚШ долларын құрайды) экспорттаушы компанияларда ЖЖМ-ны ішкі нарыққа сатуға қызығушылық  тудырмайды. Мысалы, Ресей Федерациясында ашық түсті мұнай өнімдеріне экспорттық-кедендік баж салығы 1 тамыздан бастап тоннасы үшін $155,5-тен $161,9-ға дейін арттырылды.  Осыған орай монополияға қарсы орган ҚР үкіметіне бензин, дизельдік отынға және мұнай экспортына экспорттық кедендік баж салығын арттыру туралы мәселені қарастыру жөнінде ұсыныс енгізді», - деп мәлім етті БҚА басқарма бастығы Ж. Нұрмағамбетов баспасөз брифингінде.

0 пікір