Жұма, 29 Наурыз 2024
1392 2 пікір 28 Қараша, 2022 сағат 15:43

Биыл елімізге Өзбекстаннан келген азаматтар саны басым

Биыл қаңтар-қыркүйекте елімізге 11 мың адам келген. Бұл өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда бір жарым есе артық.

Ranking.kz порталының дерегінше, өңірлер бойынша келгендердің басым бөлігі Маңғыстау облысына тұрақтаған: 2,4 мың адам, бір жылда 53,9 пайызға көбейген.

Одан кейін Алматы (2,1 мың адам, 67,1% көбейген) және Алматы облысы (1,4 мың адам, 8,4 есе көбейген) тұр.

Келгендер ең аз қоныстанған өңір Қызылорда облысы: жыл басынан бері небәрі 12 адам келді, бір жыл бұрын 7 адам ғана болған.

Қарағанды облысынан көп адам кеткен: 2,5 мың — бір жыл бұрынғыдан 31,5 пайызға аз.

Одан кейінгі орында - Қостанай (2,4 мың адам, 6% азайған) және Павлодар (2,3 мың адам, 14,8% азайған) облыстары.

Ең аз адам Қызылорда облысынан кеткен: бар болғаны 42, бір жыл бұрынғыдан 28,8 пайыз азайған.

Биыл елімізге 989 техникалық, 516-сы экономикалық, 351-і педагогикалық, 219-ы медициналық, 130-ы заңгерлік, 106-сы сәулет-құрылыс, 70 ауыл шаруашылығы мамандары келген.

Елімізден кеткендердің ішінде 3,5 мың адам техникалық, 1,6 мыңы экономикалық, 1 мыңы педагогикалық, 542-і медициналық, 378-і заңгерлік, 218-і сәулет-құрылыс өнері, 159-ы ауыл шаруашылығы мамандығын алған.

Биыл Өзбекстаннан келгендер саны басым: 4,8 мың адам — бір жыл бұрынғыдан бірден 88,8 пайыз артық.

Екінші және үшінші орында Ресей мен Түрікменстан тұр. Үздік бестікке Қырғызстан мен Қытай да кіреді.

Қазақстаннан Ресейге кеткендердің қарасы қалың: 16,6 мың адам — бір жыл бұрынғыдан 21,4 пайыз аз.

Одан кейін Германия, АҚШ, Польша және Өзбекстан алдыңғы орында.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563