Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
1470 2 пікір 28 Қараша, 2022 сағат 15:09

14 қаңтарда Сенат сайлауы өтеді

Сенат сайлауы 14 қаңтарда өтеді. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

«Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну Қазақстанда 29 қарашадан басталып, 14 желтоқсанға дейін жалғасады», - деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сайлау алдындағы үгіт -насихат 24 желтоқсаннан басталып, 13 қаңтар сағат 00:00 – ге дейін жалғасады, 13 қаңтар – үнсіздік күні, 14 қаңтар – дауыс беру күні және 20 қаңтарға дейін ОСК сайлауды қорытындылайды. Сенат сайлауының жарнасы - 900 мың теңге. Дауыс беруге мәслихат депутаттары қатысады. 50 пайыздан астам дауыс берушінің қолдауына ие болған кандидат Сенат депутаты атанады.

"Конституцияға сай,  Парламент Сенатының депутаты ҚР азаматы болуы керек. Соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында және тиісті өңірдің аумағында 3 жыл тұрақты тұрған болуы шарт. Сондай-ақ, 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі және жоғары білімі, жасы 30-дан кем болмауы керек", - деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

 

Abai.kz

2 пікір