Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2256 1 пікір 25 Қараша, 2022 сағат 16:22

"Қазфосфат" жұмысшылары тағы да наразылыққа шықты

Жамбыл облысындағы "Қазфосфат" ЖШС Жаңатас кен орнында жұмысшылар ереуілге шықты, деп жазды Ulysmedia.kz.

Наразылыққа шыққан кеншілер жалақыны көтеруді талап етуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, фосфорит өндіретін зауытта 20 еріктіден тұратын топ құрылған.

"Бұл факті бойынша 20 ерікті қызметкерден тұратын жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына цех басшылары, кәсіподақ өкілдері кірді, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде",- деп хабарлады әкімдіктегілер.

Олардың айтуынша, кәсіпорындағы жағдай тұрақты және облыс әкімі жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын Тараздағы "Қазфосфат" ЖШС жұмысшылары ереуілге шыққан. Олардың сөзінше, Ресейден келген жаңа басшы қазақтарды балағаттаған.

Айта кетейік, "Қазфосфат" ЖШС құрылтайшылары Нидерландыда тіркелген Kazakhmys Resources B. V. компаниясы, сондай-ақ Нұрлан Нығматулиннің ұлдары – Нұрхан және Нұржан Нұрлановтар.

Тамыз айында компания басшысы болып Евгений Шибанов тағайындалғаны хабарланған.

 

Abai.kz

1 пікір