Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2738 0 пікір 15 Ақпан, 2013 сағат 09:11

Светлана Жалмағамбетова: Қазақ қызының шетелдікке тұрмысқа шығу, шықпауы өз еркі

«Шалқар» радиосының онлайн-конференциясы барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Жалмағамбетова: «Қазақ қыздарының шетелдіктерге шығу, шықпауы өз еркі. Елімізде - демократия. Әрине, басқа  елдерде тәжірибе бар. Мәселен, Тәжікстанда, Өзбекстанда қыздары басқа елдердің азаматтарына тұрмысқа шықса, онда олардан қосымша  қаржы талап етіледі. Біз қаржы талап ететін ондай кедей мемлекет емеспіз ғой. Ал басқа дамыған елдерде ондай шектеу жоқ», -  депті. Бұл жаңалықты «Қазақпарат» таратты.

Демограф Мақаш Тәтімовтің есебіне сүйенсек, қара жамылған жесірлерді есепке алмағанда, Қазақстанда тұрмыс құрмаған 350 мың қыз бар. Енді осы қыздардың өз еркіне салсақ, әркім бір-бір шетелдіктің етегінен ұстап кете берсе, оның түбі ұлттық қауіпсіздікке қандай қатер төндіретінін Света апай бір сәтке болса да ойлады ма екен?
Алысқа бармай-ақ,  қазақ қызын әйел еткен 5 мың қытайдың Қазақстанның азаматтығына қалай қол жеткізгеніне үңілсеңіз, сол да жетеді. Қазақтың 150 мыңға жуық сүрбойдақ жігітін менсінбей, «бақыттымын тек қана сенімен» деп, Света апай айтқандай: «Қазақ қыздарының шетелдіктерге шығу, шықпауы өз еркі» болғанын әйелдік түйсікпен баяғыда-а-а-а-ақ сезіп, қытайға тұрмысқа шыққан  қазақ қыздары жатты жарылқап, олардың ҚР-ның азаматы атануына жол ашып жатыр.

Қазақстандағы 300 мың қытайдың қалған 295 мыңы қазақ қызына үйленіп, қытай тілін үйрететіндерін ашық айтып, алшаң басып жүр. Ал, мәжілістің мінберінен мемлекет пен ұлттың және азаматтардың болашағы мен олардың қауіпсіздігін қорғайды деп сеніп жүрген Света апайдың айтып отырғаны анау. «Шіркінде ес болсашы сезед деген» (Абай)

Светлана апай 1971 жылдан бастап, 1991-нші жылға дейін коммунистік партия қызметтерінің түрлі сатысынан өткен. Сондықтан ол кісі «Әйел теңдігі, қазақ әйелін құтқару» деген коммунистік идеяларға әбден қанып, қанына сіңіріп өскен. 1991 жылдан бастап, (биліктегі лауазымды тұлғалар секілді) партиялық қызметін оп-оңай Тәуелсіз мемлекеттің басқарушылық қызметіне айырбастай салған Света апай, дүние есігі ашылған кезде «Адам құқықтары» дегенмен таныс болды. Әлбетте, адам құқықтары дегеннің өзі әр мемлекеттің ұлттық менталитетіне негізделіп барып, жерсіну қажеттігін ол кісі білген жоқ. Қайдан білсін, көзін ашып көргені коммунистік партия, партиялық қызмет, оқығаны -  «Раушан коммунист». Бертін білгені, Америка, Еуропа және ондағы адам құқықтары. Міне, сондықтан да Жалмағамбетовалардың қазақ қыздарына қайдан жаны ашысын?..

Ой, Алла-ай, «Шіркінде ес болсашы сезед деген»

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3502