Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 1922 0 пікір 23 Қараша, 2022 сағат 20:04

Жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайту көзделіп отыр

Бұл туралы Ақтау қаласында жастармен кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты.

Дархан Қыдырәлінің сөзінше, министрлік «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеген. Бұл жоба Парламент Мәжілісінде мақұлданып, Сенатқа енгізілді.

Заң жобасы мемлекеттік органдардың бағыттарымен және құзыреттерімен толықтырылды. Осы Заңның негізгі жаңалықтарының бірі жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайту болады. Осылайша, Жастарды мемлекеттік қолдау аясы 2 есеге жуық (3,7 млн.адамнан 6 млн. адамға дейін) кеңейеді (жұмысқа орналастыру және бизнес-бастамалар және т.б.). Аталған заң жобасында жастардың даму индексі енгізіліп, жастардың әлеуметтік қызметтері мен NEET санатындағы жастарға құқықты мәртебе беру қарастырылып отыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616