Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
1143 2 пікір 23 Қараша, 2022 сағат 12:21

Фуат Сатыбаев мәжіліс депутаты болды

"Ақ жол" партиясының мүшесі Фуат Сатыбаев мәжіліс депутаты ретінде ант берді. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Фуат Сатыбаевты мәжіліс депутаты ретінде тіркеген болатын. Конституцияға сәйкес, жаңадан сайланған депутат Қазақстан халқына ант береді.

Төменгі палата спикері Ерлан Қошанов жаңа әріптесін қызметімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ Фуат Сатыбаев мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды.

Фуат Сайдахметұлы Сатыбаев 1965 жылы Семейде туған. Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Хирург-дәрігер, денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері. Бұған дейін "Ақ жол" партиясынан сайланған Павлодар облыстық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты болды.

 

Abai.kz

2 пікір