Сенбі, 20 Сәуір 2024
1138 0 пікір 23 Қараша, 2022 сағат 12:09

Министр: "10 жыл ішінде Астана халқы 59 пайызға өсті"

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кейінгі 10 жыл ішінде халықтың өсімі Астанада 59 пайызға, Алматыда 37 пайызға, Шымкентте 67 пайызға жеткенін айтты.

«Қазіргі уақытта елдің агломерацияларында орталық қала мен оған іргелес аудандар арасында экономикалық дамуда, қаржылық және адами әлеуеттерге қатысты белгілі бір теңсіздіктер бар. Теңсіздіктердің пайда болуына ықпал ететін негізгі фактор – ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтарда халық санының бақылаусыз өсуі», - деді Ә. Қуантыров.

Осы орайда ол аталған қалалардың аумақтары да едәуір өскенін еске салды.

«Астана елорда болғалы жер аумағы жағынан 3 есе өсті, Алматы қаласының аумағы кейінгі он жылда 2,5 есе өсті, ал Шымкенттің аумағы 3,5 есе өсті», - деді министр.

 

Abai.kz

0 пікір