Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1250 2 пікір 22 Қараша, 2022 сағат 13:53

Ресей Қазақстаннан астық тарифін төмендетуді сұрады

Ресей Қазақстаннан астық тасымалдау тарифін түсіруді өтініп, ортақ келісімге келуді сұрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Оның сөзінше, Ресей жағының ұсыныстары тиімсіз болса, астық тарифі өзгеріссіз қалады.

«23 қарашада Орынборда екі елдің басшылары қатысатын форум өтеді. Ресейдің өзі келіссөзге келуге шақырды. Менің Ресей тарапындағы үзеңгілесім - Оверчук мырза. Біз жақтан да біраз делегация болады. Өзіммен бірге Ресейден транзит арқылы өтуді көздейтін кәсіпкерлерді ертемін. Ресей жағы да өз бизнесмендерін шақыратыны сөзсіз. Біз келісім жайын ақылдасамыз", -  деді министр Серік Жұманғарин.

Бұған дейін де Ресей Қазақстаннан астық тасымалдау тарифін төмендетуді өтінген еді. Бірақ Қазақстан астық тарифін 4 жыл бойы өзгертпей келеді.

 

Abai.kz

2 пікір