Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1255 2 пікір 22 Қараша, 2022 сағат 13:45

Министр: "Келер жылы қант тапшылығы болмайды"

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин келесі жылы елімізде қант тапшылығы болмайтынын айтты.

«Бізде инфляция 18,8 пайызға жетті. Неліктен? Себебі, оған қант бағасының  75 пайызға өсуі әсер етті. Оған себеп: Ресейдің экспортты жауып тастауы. Мұндай жағдай қайталанбау үшін әр өңірді жеке қант зауыттары қамтамасыз етеді. Әр аймақ өзін тойдыру үшін айналым қаражатын беруі керек»,-дейді министр.

Ол биыл қант тапшылығы мүлде болмайды деп сендірді.

«Әрине, бізде қант қызылшасы жеткіліксіз, сондықтан қант құрағынан өндіреміз. Біқ жақсысы – өзіміздің қантымыз. Енді қант тапшылығы болмайды. Қанттың килограмы – 450 теңгеден аспайтын болады. Біз зауыттармен келістік»,-деді Серік Жұманғарин.

 

Abai.kz

2 пікір