Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 1463 7 пікір 21 Қараша, 2022 сағат 15:15

Сайлауда Қазақстан халқының сенім мандаты алынды деуге толық негіз бар

Сонымен, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 81,31% дауыс жинады.

Өзге кандидаттар бойынша:

Жигули Дайрабаев - 3,42%

Қарақат Әбден - 2,60%

Мейрам Қажыкен - 2,53%

Нұрлан Әуесбаев - 2,22%

Салтанат Тұрсынбекова - 2,12%

«Бәріне қарсы» — 5,80%

Қазақстан халқы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған реформаларына, сайлауалды бағдарламасына, алдағы 7 жылда президент атқарғалы отырған бастамаларға қолдау білдіріп өз таңдауын жасады. Мықты саяси тұлға жеңіске жетті. Халқымыз елдің болашағын мемлекет басшысына сеніп тапсырды. Геосаяси ахуал күрделі кезеңде ел тізгінін ұстауға лайықты тұлға деп Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. Бұл факт!

Сайлауда Қазақстан халқының сенім мандаты алынды деуге толық негіз бар. Ендігі міндет алдағы 7 жылда елдің сенімін ақтау.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек. Бүгін, міне 21 қарашадан бастап бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет» деп атап өтті.

Әділетті Қазақстанды халқымызбен бірге құратын тарихтың жаңа парағы, жаңа дәуірі ашылды. Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы келесі кезеңге халқымызбен бірге қадам бастық. Еліміз үшін табысты, берекелі, ынтымағы жарасқан, мемлекеттік мүддеге ұйысқан, жасампаз қоғамы дамыған ел болуды жазсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Бауыржан Серікбаев

Abai.kz

7 пікір