Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3133 0 пікір 11 Тамыз, 2009 сағат 11:54

Есіргеповты бас еркінен айырды

Рамазан Есіргепов... Айналдырған бір жылдың бедерінде онсыз да туралығымен танылған тәуелсіз журналисттің есім-сойы еліміздегі сөз бостандығының символикасындай болып кетті. Қарулы, я құзырлы органга қарсы жалғыз қаламмен шапты. Нәтижесі... 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, 2 жыл журналистік және баспа жұмыстарымен айналысуға тыйым алды. "Азаттық" радиосының қорынан алынған мына екі суреттегі Есіргеповтың көңіл-күйі бірдей сияқты, "Мен - ақпын" деп, оң қолын көкке жұлқиды, алтын тістерін қайрайды. Әйтсе де, алғашқы сурет бұл іске соңғы нүкте қойылған 8 тамыздағы соттың алдында болса, кейінгісі - сот шешімінен кейін. Байқасаңыздар, тілшіні алда күтіп тұрған түрме-тозақ қорқынышы тітіркендірмейтін сияқты. Содан да, "Бұл Қазақстандағы сөз бостандығын аяққа таптау! Мен өз құқымды қорғаудан шаршамаймын!" деп, қолын қайыра ұстаған жасақтың қарсылығына қарамай, айқайға салады. Арпалысады. Оның жақтастары әлі де қарсылық акцияларын ұйымдастырып, БҰҰ секілді беделді ұйымдарға шағынамыз деп отыр. Осы біз шынымен де сөз бостандығын аяққа таптатып, ақиқатты ту еткен азаматтың тәнін бүрге, қандалаға талатқызбақпыз ба?

0 пікір