Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 4643 3 пікір 15 Қараша, 2022 сағат 14:17

Тәуелсіздік нышаны: Төл теңге тарихы

Қазақстанда 15 қараша Ұлттық валюта күні. 1993 жылы 15 қарашада кеңестік рубльдің орнына алғашқы қазақстандық теңге айналымға енді. Теңге кез келген мемлекеттің тәуелсіз екенінің айқын дәлелі. 

1993 жылдың шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1992 жылдардағы кеңестік банкноттарды, сондай-ақ 1992 жылғы 5 және 10 мың рубльдік ресейлік банкноттарды айналымнан шығару бойынша шешім қабылдады. Бұл КСРО атты халықтар түрмесінің келмеске кеткенінің айқын дәлелі болатын.

Ресейдің Орталық банкі күшін жойған ескі үлгідегі кеңестік рубль ағыны бұрынғы одақтас республикаларға, соның ішінде Қазақстанға да үлкен көлемде құйылды. Бұл инфляцияның жаңа айналымына, кейінірек гиперинфляцияға әкелді. Дағдарыстық жағдайдан тезірек шығу үшін түбегейлі ақша реформасын жүргізу қажет болды.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.

Ендігі таңда жаңа валютаның атауын таңдау қажет еді. Түрлі пікірлер айтылып жатты. Кей тұлғалар «алтын» деп атайық десе, «ділдә» деген атауды да ұсынғандар болды.  Ақыры ежелгі түркілердің тарихынан «теңге» сөзі таңдалып алынды. Оның ең кіші номиналы болып «тиын» аталды.

«Теңге» дизайнын дайындау Тимур Сүлейменов бастаған авторлар тобына жүктелді. Алдыңғы жағында Қазақстанның әртүрлі мәдениет, ғылым және саясат саласындағы қайраткерлерінің портреттерін ұлттық ою-өрнекпен үйлестіру, ал артқы жағында сәулет ескерткіштері мен Қазақстанның көркем көріністерін орналастыру туралы шешім қабылданды.

1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттарды шығаруға тапсырысты ағылшын фирмаларының бірі «HARRISON AND SONS» жасаған еді. Қазақстанның ұлттық валютасының өзіндік белгісі 〒 таңдалды.

1993 жылы 15 қарашада банкноттардың бірінші сериясы айналысқа шығарылды. 1 теңге – Әбу Наср әл-Фарабидің суреті, 3 теңге – ақын Сүйінбай Аронұлының суреті, 5 теңге – композитор Құрманғазы Сағырбайұлының портреті, 10 теңге – шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың портреті, 20 теңге – ақын Абай Құнанбаев, 50 теңге – Әбілқайыр ханның суреті, 100 теңге – Абылай ханның портреті орналастырылған болатын.

1990-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басы үлкен номиналдағы банкноттарды шығару қажеттілігіне әкелді. 1994 жылғы 1 наурыз - 200 теңге, 1994 жылғы 27 шілдеде - 500 теңге, 1995 жылғы 14 ақпан - 1000 теңге, 1996 жылғы 15 қараша - 2000 теңге, 1999 жылғы 15 қарашада – 5 000 теңге, 2000 жылдың 1 қыркүйегі – 200 және 500 теңгелік банкноттардың бірінші модификациясы, 2001 жылғы 2 қараша - 1000 және 2000 теңгелік банкноттардың модификациясы, 2001 жылғы 16 желтоқсан - 100 және 5000 теңгелік банкноттардың ішінара модификациясы, 2002 жылғы 15 қараша - 200 және 500 теңгелік банкноттардың екінші модификациясы, 2003 жылғы 28 шілде – 10 000 теңге шығарылды.

1994 жылдың басында номиналы 1, 3, 5, 10 және 20 теңгелік теңгелік монеталар айналысқа шығарылды, ал қағаз тиынның орнына номиналы 2, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар шығарылды. Кейіннен инфляциялық процестер сатып алу қабілетінен айырылған тиындарды айналымнан алып тастады.

1997 жылы теңге монеталарының жаңа сериясы бекітілді, ол бұрынғы шағын номиналдағы монеталар мен банкноттарды ауыстырды. 2001 жылдың соңына қарай банкноттардың және ескі монеталардың шағын номиналдары толығымен 1997 жылғы үлгідегі монеталарға ауыстырылды.

2013 жылдан бастап номиналы 1, 2, 5 және 10 теңгелік айналымдағы монеталар мырышталған жез жабыны бар көміртекті болаттан, ал 20 теңгелік монета мырышталған никель жабыны бар көміртекті болаттан шығарылады.

2019 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет номиналы 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ұлттық валютаның айналыстағы монеталары мемлекеттік тілдегі жазулары латын графикасы арқылы шығарыла бастады.

2006 жылдың 15 қарашасында жаңа үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар айналымға енгізілді. 2015 жылдың 1 желтоқсанында ұлттық валютаның айналымға енгізілгеніне 20 жыл толуына орай 20 мың теңгелік банкнот айналымға шығарылды.

Бүгінгі күні банкнот диапазоны 500, 1000, 2000, 5000, 10 мың және 20 мың теңгелік банкноттардың номиналдарынан тұрады. Монеталар диапазоны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100, 200 теңгелік ретті еселік құрылым болып табылады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2270
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584