Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 2232 2 пікір 14 Қараша, 2022 сағат 12:49

Ресейді сталиндік репрессия елесі кезіп жүр

Ресейлік RT телеарнасы ақпарат соғысының басты серкесі екендігін тағы да бір рет паш етті. Оған дәлел Украина-Ресей соғысының бел ортасында ойқастаған кәсіпкер, «Вагнер» дейтін жеке әскер компанияны құрушы Евгений Пригожиннің сұхбаты.

Сұхбат бастан аяқ «Вагнер» ЖӘК іс-әрекеттін ақтап, жағымды жағынан көрестуден тұрды.

Журналист сұрағына  жауап берген шағында Пригожин мырза соғысты (Ресей «арнайы әскери операция» деп атайды) құптамайтындарға қарата: «...жуық арада сталиндік репрессия қажет», - деп ТМД жұртшылығын бір дүрліктірді.

Пригожиннің айтпағы соғысты құптамайтын Ресей бизнесмендірінің әкесін көзіне көрсетіп, түрмеге тоғытып, мал-мүлкін тәркілеу керек дегенге саяды. Аудармасын берер болсақ: «Аталған жандарға бизнесмендер сияқты түп тамырымен құртатын тетіктер мен амалдар іске қосылуы керек. Оларға қатысты жуық арада сталиндік репрессия қажет», - дейді.

Осыған қатысты атын атамауды өтінген кәсіпкерлер мен мемлекеттік компаниялардың жетекшілері өздерінің құрбан болудан қорқатындарын «Вloomberg» тілшісіне мәлім еткен.

Сонымен Ресейді сталиндік репрессия елесі кезіп жүр.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512