Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2553 0 пікір 11 Ақпан, 2013 сағат 07:06

Бұл батыр қай батыр?

... Институттың ғылыми кеңесінің бір жиынында институттың сол кездегі директоры М.Қозыбаев бұрын белгісіз, қазірде саясаттың арқасында тарихта жаңадан пайда бола бастаған Ұлы жүздің бір «батыры» жайлы материал жинап, еңбектер жазу туралы жоғарыдан тапсырма алып келгенін айтты. (Батырдың жайын Манаш та білмей тұрған жоқ қой). Кеңес орнынан тұрып:

- Ол бұрын тарихта жоқ неғылған батыр, біреулердің бабасы шығар, қайсыбір жазушы, публицистердің құр сөзін малданып ойдан батыр жасап не қажеті бар, тарихта жоқ адамды біз қайдан іздеп табамыз, - деді.

Иә, шынымен батыр ойдан жасалды. Қазір де ол туралы жалған тарих та, роман да, пьеса да жазылды. Ән, жыр күй де шықты, ескерткіш те қойылды. Бірақ біздің институтта қазірге дейін ол батыр туралы ештеңе жазылған жоқ. Өйткені жазатын нақты дерек жоқ. Конференция да өтіп көрген емес.  Кеңес екеуміз осы батыр туралы бұдан бұрын да әңгімелескенімізде ойымыз бір жерден шыққан еді. Мен мұнда өз қара басымның қамы үшін емес, институт ұжымының мүддесі үшін батырдың атын атамай отырмын. Бірақ түптің түбінде шындық орнына келеді дегенге сенемін.

Зардыхан Қинаятұлы, «Көшпенділік ғұмыр» 292-293 беттер.

Эссе. Алматы. 2010 жыл. «Тарих тағылымы» баспасы

ABAI.KZ

0 пікір