Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3442 0 пікір 11 Ақпан, 2013 сағат 06:01

Бақытгүл Баймолдақызы. Жапырағы жаураған құба талдай

Ызғар ұлып - жанымның бір қатпарлы  шың - жарында,

Өгейлігін танытты мұңдар мұңға.

Қыздар ұлық - түскенінше ақ үйге келін болып,

Тоналғанша Тоғжан-кұт, Керім-қорық

Жүз қарылып - жұт тірліктің жұпыны заңдылығы -

Құлап ұшқан құстардың саңғырығы...

 

***

 

Ай...

(Ақырын күт дер ем...)

Махаббат мендегі,

Таусылып бітпеген,

Күтемін әлі күн,

Сезімді күтпеген.

Аяқталмайтындай,

Соңы бір нүктемен,

Ай...

(Сабырмен тосқайсын...)

Сенетін имандай,

Сен маған достайсын.

Шалқыған шағымды,

Сәулеңмен қоштайсың.

Тылсымдығыңмен,

Жалқыға қосқайсын...

 

***

 

Алатау, айналайын айбатыңнан,

Ақшаңқан, ақбас шыңың жайға атылған.

Аңқыған аңғарыңнан ақжусаның,

Аймалар алқымыңнан майда тұман.

Алатау, асқақ біткен тау төресі,

Сескенер сеңгіріңен жау төбесі.

Арайлы аппақ нұрға бөккен басың,

Секілді сексен қыздың сәукелесі.

 

***

 

Құрсын бәрі,

Табиғат тылсымдары.

Тұр сынғалы,

Жүрегім гүл сындарлы.

Шалындырып,

Шуына малындырып.

Жарым қылып,

Жіберді жанымды үгіп.

Ызғар ұлып - жанымның бір қатпарлы  шың - жарында,

Өгейлігін танытты мұңдар мұңға.

Қыздар ұлық - түскенінше ақ үйге келін болып,

Тоналғанша Тоғжан-кұт, Керім-қорық

Жүз қарылып - жұт тірліктің жұпыны заңдылығы -

Құлап ұшқан құстардың саңғырығы...

 

***

 

Ай...

(Ақырын күт дер ем...)

Махаббат мендегі,

Таусылып бітпеген,

Күтемін әлі күн,

Сезімді күтпеген.

Аяқталмайтындай,

Соңы бір нүктемен,

Ай...

(Сабырмен тосқайсын...)

Сенетін имандай,

Сен маған достайсын.

Шалқыған шағымды,

Сәулеңмен қоштайсың.

Тылсымдығыңмен,

Жалқыға қосқайсын...

 

***

 

Алатау, айналайын айбатыңнан,

Ақшаңқан, ақбас шыңың жайға атылған.

Аңқыған аңғарыңнан ақжусаның,

Аймалар алқымыңнан майда тұман.

Алатау, асқақ біткен тау төресі,

Сескенер сеңгіріңен жау төбесі.

Арайлы аппақ нұрға бөккен басың,

Секілді сексен қыздың сәукелесі.

 

***

 

Құрсын бәрі,

Табиғат тылсымдары.

Тұр сынғалы,

Жүрегім гүл сындарлы.

Шалындырып,

Шуына малындырып.

Жарым қылып,

Жіберді жанымды үгіп.

Арқам талып,

Ойларға арқандылып,

Дархан қалып,

Кеткендей талқындылып.

Аһ ұрамын,

Ажалды шақырамын.

Сапырамын,

Сарала жапырағын.

 

***

 

Осы бір сенің елсіз қызғанышың -

Көңілінің көктемін бұзғаны шын,

Көбесінен сөгіліп көнбістігім,

Көкіректе көбейді сызданысым.

Жан-жүрегім жабығып жасқа тұнып,

Жүрмін басқа ойлармен бас қатырып.

Жүрексіне қараймын айналама,

Жүрегімнен алардай таспа тіліп.

(Болмаса да ұжданым жат ұрлаған)

Жанартаулар секілді атылмаған.

Жалынымды жасқаймын, тұншығамын,

Жанып тұрып оттарға лапылдаған...

 

***

Тауларым алыстамаңдар,

(Мендегі таныс саған зар)

Өзіңнен басталатындай,

Өмірімен мынау ғаламшар.

Тауларым жырақтамаңдар,

(Аңсайды жұмақты адамдар...)

Бақытты солар шығар-ау,

Баурыңда тұрақтағандар?!

 

***

 

Мен бәлкім, аңсап жүрмін басқа бір ән,

Құлаған Өр Алтайдың асқарынан

Ақтарып жүрегімнің жұлдыздарын,

Жылаған айлы түннің аспанынан.

Шанағын домбырамның шабыт қылған,

Сүйріктей шырын-шығы тамып тұрған.

Көксеген еркіндігін кең даланың,

Жүйріктей тұсауынан ағытылған.

Мен бәлкім, аңсап жүрмін басқа бір ән...

 

***

 

Саумал түні Алтайдың сағындырды,

Самаладай ететін сағым қырды.

Самсап тұрған жұлдыздар жіберердей,

Сая тапқан пенденің жанын нұрлы,

Айлы түні Алтайдың жарық қандай?!

Ажарымен жанарды қарытқандай,

Айлар өтті, жыл өтті көрмегелі,

Аңсап әнге саламын талып таңдай.

 

***

 

Менің әлі қалмаған балалығым,

(Бағындыра алар ма баланы мұң?!)

Аңғалдығым араша таппағанда,

Жанарымнан жас болып тамады мұң.

Менің  әлі қалмаған балалығым,

(Бала болып өтейін шамалы күн...)

Кейде ойлы көзімен қарап тұрып,

Баласыз деп қояды маған ұлым...

 

***

Ұрланып қарай бересіз,

Сеземін ... сосын сұстанам.

Қиналып жүрсіз неге сіз,

Қимасы бардай құшпаған?!

 

Үнсіз мен бәрін ұғынып,

Үнсіз мен бәрін түйсіндім.

Жығылмас жерде жығылып,

Басқаға бағын қисын кім?!

 

***

 

Сен мені түсінуге тырыс балам,

Ақынмын арманымен тыныстаған.

Байлықсыз бақ та, бап та табылады,

Тапсам мен өлеңімнен ырыс табам.

Сен мені түсінуге тырыс балам,

Ақынмын жүрегімен мұң ұстаған,

Мендегі махаббатты сезінеді,

Жаным мен жанарынан ұлыс ғалам.

 

***

Азабы басым жалғанда,

Адасып жүрсем тар маңда.

Аздыра гөрме басымды,

Арзанға салма жасымды,

Ақиқат нұры бір Алла!

Азғындық басым тірлікте,

Алдымнан шықса кіл нүкте..

Аяқтан шалса дұшпаным,

Арзымсыз болса құшқаным,

Араша сенен ұлы Алла!

***

Көкірегімнің көзі ашылар сәтте

Көрінген елес.

Көкжиектегі айдың арманы -

Өліммен егес.

Таңның да бар - ау таласы,

Тағдырдан дэйім,

Тамырын тастың қынында,

Қалдырған қайың.

Ермені еріп даланың,

Езілген мезгіл,

Көк аспан көңіл шатыңды,

Көзіңмен сездір.

Жұлдыздар жұтып қойсыншы,

Жұмылған түнді,

Ғұрпы эсем ақын қиялы -

Ғұмырдан мұңды.

Көкірегімнің көзі ашылар сәтте,

Көрінген елес.

Көкжиектегі айдың арманы,

Өліммен егес!

***

Қызым сенің атыңды,

Арманайым деп қойдым.

Адамы боп өссін деп,

Ар - намыс пен текті ойдың.

 

***

 

Ақ уызға жарыттым,

Ақ бесікке бөледім.

Таңдарда сан талықтым,

Түн ұйқымды бөле мың.

 

Қызым аппақ гүл сынды,

Жан - тәнімнен жарған бүр.

Айлы түнде тылсымды,

Адастырған арман жыр...

***

 

Жапырағы жаураған құба талдай,

Құлазыған жанымды құлата алмай.

Жанарынан жалқы айдың жасқанамын,

Жасырын бір мұңымды жылатардай.

 

Бұғағынан нұр тамған бұла таңдай,

Бұлқынады жүрегім бүр ата алмай.

Қытығынан қына қар қымсынамын,

Қылықты бір сырымды сұратардай.

 

***

 

Қара түн, қарайтса да қарашығын,

Ай менен аймаңдайдың арасы мұң.

Жастығым жанып-өшіп өтіп жатыр,

Жоғалтқан жолаушыдай бар асылын.

 

Қара түн қарайтса да қаршығын,

Ай жұлдыз таба алады жарасымын.

Жас күнім жанып- өшіп өтіп жатыр,

Жалғаннан жалыға іздеп жанашырын...

***

 

Жапырақтар -

Жанымның тамшылары,

Тамып барып,

Тас жолдан жан сұрады.

Жан шуағы,

Жартымсыз пенделердің,

Табанына,

Тапталып, жаншылады.

 

Жапырақтар -

Жаураған сезімдерім,

Сағыныштан,

Сарғайған кезім менің.

Бұтағында,

Бұлқынған тағдырымның,

Сергелдеңін,

Сен неге сезінбедің?!

***

 

Шын болмысын тану үшін тағдырдың,

Шың басына шындығымды қалдырдым.

Өмір барда өкіну бар, өксу бар,

Өрліктің де өзегінде бар құрдым.

Шын болмысын тану үшін тағдырдың,

Шыңырауда шындығымды қалдырдым.

Өмір барда өтірік бар, өсек бар,

Өлеңнің де өз тағдыры бар білдім...

 

***


Алатауға аппақ қар жауды ма екен?!

Асқарына аңсарым ауды бөтен.

Тағдырымды талақ қып кетер едім,

Тастүлектей ете ал сам тауды мекен.

 

Алатауға ақ қырау қонды ма екен?!

Алқынады жүрегім тоңды ма екен.

Өзегімде өкініш қалмас еді,

Өмірімде тау болса соңғы мекен.

***

Аспан таулары -

Астасып жатқан аспанмен,

Аңыз ба ең далам, дастан ба

Адалдық сезем сендегі,

Ауадан, судан, тастан мен!

 

Тәңір таулары -

Тәуелді еткен тәубаға.

Таңданыс болған жауға да,

Тағдырым сенсің түспейтін,

Талқыға, тартыс, саудаға!

 

Керіш таулары -

Кереге жайған кеңдіктің,

Кереметтігін енді ұқтым.

Келтелеу мынау ғұмырда,

Кез келген кені, сен құттың!

ABAI.KZ

0 пікір