Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2094 0 пікір 8 Ақпан, 2013 сағат 09:04

SCAT, қызметіңді қысқарт!

Кеше SCAT  әуекомпаниясына қарасты тағы бір ұшақ апатқа ұшырай жаздады. Ал, Алматы қаласына таяу маңдағы «Қызыл ту»  ауылының іргесіне келіп құлаған ұшақтың «қара жәшігі» әлі «ашылған» жоқ. Дегенменде «Мемлекетаралық авиациялық комитет «Челенджер-200» ұшағынан табылған «қара жәшіктің» сараптамасын аяқтады» деген екі ұштылау ақпарат та кешелі бері тарай бастады.

Ұшақ апатының себеп-салдарын тексеру үшін құрылған Үкіметтік комиссияға төрағалық ететін Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтің сөзіне қарағанда  «қара жәшіктің» сараптамасы аяқталып қалғанға ұқсайды. Алайда оның қорытындысы  әзірге жария етілмейді екен.  Алдын ала айтылған болжамдардың бірінде «Челенджер-200» ұшағының жанар-жағармайы межелі жерге жетпей бітіп қалған дегенге саятын.   Бектұров болса,  «аталған әуе кемесіндегі керосин көлемі тағы 2,5 сағатқа жетер еді» дейді.

Сонымен «қара жәшіктің» құпиясы анықталмай тұр. Қазақстанда «қара жәшіктің» қақпағын ашатын маман жоқтай ол Ресей асып кеткен болатын.  SCAT  негізінен Ресейдің шағын бір әуекомпаниясы. Сондықтан аза  тұтқан қазақстандықтар үшін  Ресей мамандарының қортындысы  күмәнді  болып  қалатыны белгілі. Ендеше, ел іші   SCAT әуекомпаниясының Қазақстаннан кетуін биліктен талап етуі керек немесе оны сотқа беруі керек. Әйтпесе ескі-құсқы, әрі арзан ұшақтарымен (жаман айтпай жақсы жоқ)   SCAT әуекомпаниясы әуе тасымалында талай сұмдықтар жасауы мүмкін.

ABAI.KZ

0 пікір