Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3800 0 пікір 8 Ақпан, 2013 сағат 07:15

Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ІV республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді. Конкурс еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдерді жасау және Тәуелсіздіктің тарихи маңыздылығы мен жаңа Қазақстанның қалыптасуын айшықтайтын жаңа туындыларды шығаруды ынталандыруға бағытталған.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Ең үздік ірі және кіші көлемді музыкалық шығарма, оған көпактілі опера, көпактілі балет,  көпактілі музыкалық комедия,  симфониялық, халық аспаптары, үрмелі және камералық оркестрлер үшін оркестрлік шығармалар, жеке әнші, хор және оркестр үшін оратория, жеке әнші, хор және оркестр үшін кантата, фортепиано мен дауысқа арналған вокалдық циклдар, романстар, сүйемелдеусіз хорға арналған шығармалар, шекті аспаптар квартетіне, үрмелі-ағаш аспаптары квинтетіне арналған шығармалар кіреді;

2) Ең үздік балалар әні;

3) Балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік драмалық шығарма;

4) Кескіндеме, графика және мүсін.

Конкурсқа белгіленген номинациялар шеңберінде жеке авторлардың немесе авторлық ұжымдардың шығармалары қабылданады. Ұсынылатын шығармалар бұрын-соңды орындалмаған және жарияланбаған жаңа шығарма болуы керек.

Авторлар бір немесе бірнеше номинацияға қатыса алады. Әр номинация бойынша автор тек бір шығарма ғана ұсына алады.

Конкурстың қорытындысы ағымдағы жылдың IV тоқсанында шығарылады.

Ең үздік деп танылған шығармаларға ақшалай сыйлықтар тағайындалады.

Конкурсқа құжаттар ағымдағы жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде жіберілуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың қатарында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен берілген зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы шарт.

Конкурстың Қағидасы (ережесі) министрліктің сайтында (www.mki.gov.kz) сайтында орналастырылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544