Сәрсенбі, 27 Қаңтар 2021
Жаңалықтар 1933 0 пікір 6 Ақпан, 2013 сағат 11:12

Арқаға ақсирақ жұт келдi. Бұл төтенше жағдай емей не?

Арқа даласына биыл жұт келдi. Кәдiмгi өзiмiз ескi әңгiмелерден естiп жүрген ақсирақ жұт. Қарашаның басында мезгiлсiз жаңбыр жауып, оның арты қатты аязға ұласқан. Соңынан аяз толастағанымен, ескiше қаңтар тумай жатып алай-түлей боран басталды. Одан соң iле-шала қайтадан бiр жарым тәулiкке жуық жаңбыр себеледi. Бұл бұрын-соңды кездеспеген жағдай едi. Жыл сайын бұл төңiректегi ел желтоқсанның екiншi жартысында ғана малды қораға байлайтын. Ал Баянның Қызылтауы мен Өлеңтi өзенiнiң бойын жайлайтын елдiң малы қыс бойы дерлiк өз аяғымен жайылып шығатын кездерi болады. Жылқы түлiгi қашанда далада, тебiнде жүредi. Осындай үйреншiктi қысқа дағдыланған ел биыл малды бiр жарым ай бұрын қолға байлап, есi кетiп отыр. Шаруа баққан ағайын қорадағы азғана қара мал мен қой-ешкiнi қолда бар азықпен алдап, iлдәлдалауда. Ал қыс бойы далада тебiнде жүретiн жылқы түлiгiнiң жағдайы тiптi мүшкiл. Алғашқы жаңбырда шөптiң түбi қатып, жылқыға тебiндеуге қиындық туғызса, одан соң аттың бауырынан келетiн қалың қар түстi. Одан соң үстiнен тағы да жаңбыр жауды.

Екiбастұз қаласы аймағындағы ауылдық окру­тердiң iшiнде төрт түлiк малды көп ұстайтын - Ақкөл-Жайылма өңiрi. Бұл жерде жалпы Екiбастұз аймағындағы малдың үштен бiрi, ал жылқы түлiгiнiң 50 пайызға жуығы топтасқан. Сол жерде мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың берген дерегi бойынша, өткен жаз айларында Ақкөл өңiрiнде 4 мыңға жуық жыл­қы бағымда болған екен. Бүгiнде осы жерде жылқы өсiрумен айналысатын "Тұ­рар" атты шаруа қожалығының 200 бастай жылқысы шығынға ұшыраған, тағы 200 бас жылқыны бiр адаммен келiсiп, қолда ұстап отыр­ған көрiнедi. Ал қалған 750 бастан көктемге дейiн не қалары белгiсiз, мiне, екi-үш күнен берi аш тұр, тебiнге шыға алмайды, даланың қары мұз боп қалған дейдi қожалық басшысы. (Бұл кiсi белгiлi бiр себептермен өзiнiң аты-жөнiн көрсетпеуiмiздi өтiндi).

- Бiз жекеменшiк шаруашылық болғанымызбен, осы өңiрдiң экономикалық да­муы­на қосатын өзiмiше үлесiмiз бар. Бiрақ осындай қысылтаяң кезде мемлекет назарынан тыс қалып қойғанымыз жанға батады. Жуырда облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Әшiмбетов келiп қайтқан. Бiзге мемлекет тарапынан көмек бола ма деп жұқалап сұрап едiм, ол кiсi әзiрше ондай шаруаның қарастырылмағанын айтты. Бүгiн осындағы бiр жеке­меншiк кәсiпорыннан трактор сұрап алдым, ендi қолдан келсе даланың қарын бұзып, тебiндiк жер iздеп көремiз, - дейдi мал иесi.

Бiз Екiбастұз - Павлодар тас жолының бойында орналасқан "Пограничник" ауы­лының төңiрегiнде жылқы өсiретiн Амангелдi Нұркенов пен де хабарластық.

- Екi табын жылқым бар едi, соның бiр табыны (500 бастан артық) осыдан екi ай шамасы бұрын қырға кеткен, содан берi хабарым жоқ. Оны iздеп шығуға еш­бiр жағдай болмай тұр, қар өте қалың. Не де болса көк­темдi тосамыз. Ал қолда қалған жылқы қораға сыймағасын, 900 бас қойымды түгелдей саттым, - дейдi Амангелдi ақсақал.

Сондай-ақ, Ерейментау ауданының Қойтас ауылдық округi төңiрегiнде мыңға тарта жылқы ұстайтын тағы бiр шаруашылық бар малынан айырылып қалғанына мiне, екi айдан аса уақыт өткен екен. Бұлар да жаз­ғытұрымға қарай iздейтiн түрлерi бар. Се­бебi қазiр жол таңдамайтын небiр қуатты техниканың өзi далада жүре алмайды. Сондықтан кейбiреулер қарда жүретiн моторлы шана сатып алып жатыр. Бiрақ онымен алысқа бара алмайсың.

Ел ақсақалдары телефон шалып, алаңдаушылық бiл­дiргесiн, бiздер Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары Айнагүл Құрмановаға барып жолығып, нелiктен аймақ бойынша төтенше жағдай жарияланбайды, мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетiлуде деген сұрақтар қойған едiк.

- Төтенше жағдайды үкi­мет жариялауы керек екен. Дегенмен мен Казгидрометке хат жолдап, бұл жөнiнде анықтама алып едiм. Олар ТЖ жариялау үшiн секундына 25 метр жылдамдықпен, қатарынан 24 сағат дауыл соғуы керек деген уәж айтты. Осының себебiнен әкiмнiң қорындағы ақшадан да бөле алмай отырмыз. Себебi ТЖ жөнiндегi заңның ыңғайына келмей тұр. Оны күшке салып бөлiп жiбергенмен, соңынан прокуратура тексередi. Қазiр арнаулы штаб құрып, бақылаудамыз. Өткенде ақкөл­дiктер қарды бұзып, малға тебiн ашатын трактор сұраған едi. Бiрақ облыс әкiмiнiң орынбасары Әшiмбетов келгенде, ол ойларынан айнып, жанармай сұрады. Оған көмек жасадық. Қазiр осы өңiрге Солтүстiк Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан буылған шөп әкелiп сатып жатыр. Әр буманың құны 1200 теңге, - дейдi Айнагүл Амангелдiқызы.

Кереку өңiрiнде туындаған осы жағдайға басты себеп қолайсыз ауа райы десек те, негiзiнен адам факторы да бар. Себебi жылдағы жайлы қысқа үйренген халық қолда бар пiшеннiң артығын сатып жiберген. Биыл Ертiстiң тасымауынан, жиектi жайлаған елдiң бiразы пiшенсiз қалып, Ақкөл төңiрегiнен сатып алған екен. Екi тоннаға жуық пiшен сиятын бiр тiркеменi 25-30 мың тегеден өткiзген деседi. Ендi қазiр амалсыздан шеттен келген бума шөптi сатып алуда. Оның орташа салмағы 18 келi десек, 1,5 тоннасын олар 90 мың теңгеге алған.

Ал ендi табындап жылқы ұстайтын шаруашылықтар есепсiз зиян шегiп қалғаны анық. Орташа бағамен есептеп, бiр жылқының құнын 200 мың теге десек, 300-400 бас жылқыдан айрылған адамның қанша зиян шегерiн есептей берiңiз.

Тағы бiр айта кетерлiк мәселе, базарларда келiсi 400 теңгенiң етi пайда болды. Бағаның тым төмен­дiгiне қарап, пайдакүнемдер өлген малдың етiн саудаға алып жүрген жоқ па деп күдiктендiк. Осы ойымызды қала әкiмiнiң орынбасары мен ветеринарлық қызмет бастығына да айттық. Жасыратыны жоқ, қайсыбiр ақпарат көздерiнен бiлге­нiмiз, кейбiр базарларға өлген малдың етi тапсырылады екен. Оны фарш етiп сатады деседi. Әрине, мұның барлығын тексеру арнаулы қызмет жүйелерiнiң мiндетi.

Кереку өңiрiндегi жағдай әзiрше осындай. Бұл тақырып қаалдағы уақытта тағы да оралатын шығармыз. Себебi әлi екi жарым ай қыс бар.

Сайлау БАЙБОСЫН,

Павлодар

«Жас Алаш» газеті

0 пікір