Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3327 0 пікір 6 Ақпан, 2013 сағат 11:01

Арқанкерген – әскери ұшақ апаты – генералдың қазасы...

ГЕНЕРАЛ ЕСЕТОВ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚАНДАЙ ШЫНДЫҚТЫ АЙТҚЫСЫ КЕЛДI?

Қаңтардың соңғы күнi ҰҚК шекара қызметi академиясының басшысы генерал-майор Талғат Есетов "Макаров" тапаншасымен қызметтiк кабинетiнде өзiн-өзi атып өлтiрдi. Анығында, ресми ақпар осылай дейдi. Оқ оның оң жақ самай тұсынан тиген. Генералдың өлi денесiн ең бiрiншi жүргiзушiсi көрген.

Алғашқыда "жаралы генерал шұғыл түрде госпитальге жеткiзiлдi" деген ақпарат тарады. Артынша ҰҚК-нiң баспасөз қызметi Есетовтiң оқиға орнында қаза тапқанын хабарлады.

Қайғылы оқиға болған күннiң ертеңiнде генералдың хат жазып қалдырғаны анықталды. Алайда ол хатта не айтылғаны әзiрге белгiсiз. Құзырлы органдар құпия ұстап отыр мұны.

Қаңтардың 30-ында президент Нұрсұлтан Назар­баев құқық қорғау органдары басшыларымен кеңес өткiздi. Бұл кеңесте президент құзырлы органдардың басшыларын қатты сынады. Шекара қызметi де сыннан шет қалған жоқ. Ақпарат көздерiнiң хабарлауынша, осы кеңеске генерал Талғат Есетов те қатысқан. Жиынның алдында генерал президенттiң қабылдауына кiрмекке талпыныпты. Өзiн отставкаға жiберу туралы өтiнiшiмен. Өтiнiштен бөлек тағы әлдененi айтқысы келген болар, бәлкiм. Алайда президенттiң қабылдауына кiре алмаған. Әлдекiмдер бөгет жасаса керек...

Талғат Есетовтiң аты-жөнi 2010 жылдан берi жұртшылыққа белгiлi. Естерiңiзде болса, ол кезде Есетов ҰҚК шекара қызметi директорының орынбасары - штаб бастығы-тын. Қызметке жаңадан тағайындалған штаб бастығы генерал Есетов қазақстандық конструкторлық бюромен келiсiмшартты бұзып, ресейлiктермен жаңа келiсiм жасасқан.

Қазақстандық конструкторлық бюро шекара қыз­метiне "Сезбек М" деп аталатын арнайы құрылғы құрас­тырып бермек болған. Бұл құрылғы шекараны бақылау үшiн қажет-тiн. Темiр тордың төңiрегiн бақылауда ұстайтын арнайы техника аты айтып тұрғандай, жыбырлаған жәндiктi де сезiп қояды екен. Талғат Есетов осы құрылғыдан бас тартып, ресейлiктер жасаған техниканы алмақ болған ғой. Алайда миллиондаған қар­жы бөлiнгенiмен, ресейлiк техника бiздiң шекараға жетпеген. Осының салдарынан Есетовтi төмендетiп, ҰҚК шекара қызметiнiң академиясына жiберген.

"Время" газетiне берген түсiнiктемесiнде Талғат Есетовтiң әкпесi Гаухар Есетова бауырының өзiне-өзi қол жұмсағанына сен­бейтiнiн айтыпты.

- Не жағдай болғанын бiзге әлi ешкiм түсiндiрiп айтқан жоқ. Бауырым абыройлы азамат едi. Мүмкiн, әлдекiмдер оның түбiне жетiп, одан кейiн "атылып өлдi" дегенге иiп әкеген шығар. Қайғылы оқиғадан екi сағат бұрын Талғат шешемiзге телефон соғып, президентке хат жазуын өтiнген. Шешемiз не жағдай болғанын сұрапты, алайда бауырым ештеңе айтпаған. Тек "менiкi шындық, соны президентке жеткiзiңiз" деген. Отставкаға кеткiсi келiп жүргенiн бiрнеше рет айтқан бiзге. Түсiнгенiмiз, жоғарыдан қысым жасалыпты.

Шымкенттiң түбiнде апат­қа ұшыраған әскери ұшаққа менiң бауырым да мiнуi тиiс болыпты. Мұны өзi айтты. Алайда Талғат ол ұшаққа отырудан бас тартыпты. Басшылыққа кешкi рейспен ұшатынын ескерткен. Бiр ажалдан аман қалып, бiр айдан кейiн атылып қалды дегенi... Мұндай кездейсоқтыққа сенбеймiн, - дептi Гаухар Есетова.

Т.Есетовтi жексенбi күнi жер қойнына тапсырды. "Жерлеу рәсiмiне көп адам қатысқан жоқ. Тек шекарашылар ғана келдi", - дейдi куәгерiмiз. Жерлеуге қатыс­қандардың арасында Ес­етовтiң қазасы туралы сөз қозғалған. "Шекарашылар апатқа ұшыраған ұшақ­қа қатысты мәселе бұл. Ұшақ апатқа ұшырағаннан кейiн әлдекiмдер "сен неге ұшаққа мiнбедiң" деп Есетовке қысым жасаған. Генерал Есетовтiң ұшаққа мiнбей қалуында және президентке кiре алмауында бiр гәп бар", - дептi қаралы жиынға келгендердiң бiрi.

Бұған дейiн "Қазбаттың" ардагерi Асқар Шымпиев генералдың қазасының себептерiне ой жүгiртiп көрген. А.Шымпиев тiптi әрiден тартты.

- "Қорғас iсiнiң" де генералдың қазасына қатысты болуы мүмкiн. Ал ұшақтың апатына келсек, оны әдейi ұйымдастырған. Бұл - менiң болжамым. Арқанкер­ген­дегi оқиғаның да бұған қатысы бар сияқты көрiнедi, - дедi "Қазбаттың" ардагер офицерi.

А.Шымпиевтiң болжамы қарабайырлау естiлгенiмен, негiзi бар. Әйтпесе, "шекараны қарғыс шалды" дегенге кiм сенедi?..

Е.Биеке.

"Жас Алаш" газеті

0 пікір