Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3168 0 пікір 7 Ақпан, 2013 сағат 07:28

Қоғам қандай – шекараң сондай!

Қазақ шекарасының шенділері не үшін ажал құшып жатыр деп ойлайсыз? Арқангерген қырғыны, 27 азаматтың ұшақ апатынан қаза болуы, Талғат Есетовтың өзін мерт қылуы, Кешегі Мұрат Қадырәлиновтың өлімі...

Осы бір қаралы хабарлардың астарында аталған саланың іштей «іріп-шірігені» емес, басқа себептер бар сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

Шекараға тыныштық орнауы үшін қазақ билігі қандай шараларды қолға алу керек?

Осы сауалдар төңірегінде төмендегі азаматтармен ой бөліскенді жөн көрдік. Тағы кім не дейді? Мархамат.

Әміржан Қосанов:

Шекараң тыныш болсын десең, ел ішіндегі жағдайды түзеп ал!

Әрине, шекарамызда бірінен соң бірі болып жатқан қайғылы оқиғаларды әрқайсысының мән-жайына қанығып, тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп, ақиқатына жеткеннен кейін ғана ортақ баға беруге болар. Сондықтан дәл қазір «осы оқиғалардың бәрі бір-бірімен байланысты» деу асығыстық әрі әбестік.

Бірақ, бұл өмірде кездейсоқ нәрсе бола бермейді ғой. Ал қоғам өмірінің бір саласында бірнеше рет қайталанған кездейсоқтық заңдылыққа ұласып кетеді. Ол жағы тағы бар.

Қазақ шекарасының шенділері не үшін ажал құшып жатыр деп ойлайсыз? Арқангерген қырғыны, 27 азаматтың ұшақ апатынан қаза болуы, Талғат Есетовтың өзін мерт қылуы, Кешегі Мұрат Қадырәлиновтың өлімі...

Осы бір қаралы хабарлардың астарында аталған саланың іштей «іріп-шірігені» емес, басқа себептер бар сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

Шекараға тыныштық орнауы үшін қазақ билігі қандай шараларды қолға алу керек?

Осы сауалдар төңірегінде төмендегі азаматтармен ой бөліскенді жөн көрдік. Тағы кім не дейді? Мархамат.

Әміржан Қосанов:

Шекараң тыныш болсын десең, ел ішіндегі жағдайды түзеп ал!

Әрине, шекарамызда бірінен соң бірі болып жатқан қайғылы оқиғаларды әрқайсысының мән-жайына қанығып, тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп, ақиқатына жеткеннен кейін ғана ортақ баға беруге болар. Сондықтан дәл қазір «осы оқиғалардың бәрі бір-бірімен байланысты» деу асығыстық әрі әбестік.

Бірақ, бұл өмірде кездейсоқ нәрсе бола бермейді ғой. Ал қоғам өмірінің бір саласында бірнеше рет қайталанған кездейсоқтық заңдылыққа ұласып кетеді. Ол жағы тағы бар.

Мұның өзі қоғамда белгілі бір дәрежеде алаңдаушылық туғызуды. Ең бастысы - осындай оқыс оқиғалар жалпы түрде алғанда мемлекеттік шекарамыздың сенімді түрде қорғалуына өз кедергісін келтіруі мүмкін. Оны әзірше айтып жатқан ешбір жауапты адам жоқ!

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, алғашқы түйіндер мыналар:

Біріншіден, кез келген мемлекетте шекара қызметі секілді сала элиталық боп саналады, екінің бірі онда жұмыс істей алмайды, оған жоғары деңгейлі, таңдаулы кадрлар тартылады. Мемлекет оларға тиісті жағдай жасайды. Кеше ғана естігенім: қаза тапқан шекара қызметінің директоры қаншама жыл еліне адал қызмет жасап келсе де, осы күнге дейін үйсіз болған екен! Министр мәртебесіндегі бастығы осындай мүшкіл халде боп келсе, басқалары, әсіресе, заставада күні-түні көз ілмей қызмет етіп жатқан жай офицерлер туралы не айтуға болады? Мұның өзі мемлекеттің өз шекарасына деген лайықсыз да тіпті сын көтермейтін көзқарасының жарқын көрінісі деп білемін!

Екіншіден, шекара - стратегиялық маңызы бар сала! Қазақстанның ерекше геосаяси орналасуы туралы көп айтамыз, бірақ оның тек оң тұстарын сөз етеміз де, төндіріп тұрған қауып-қатерлері жайлы «ұмытып» кетеміз. Мына жағымыздан Ауғанстаннан келе жатқан есірткі көші, ана жағынан Қытайдан біз арқылы ТМД мен Еуропаға бағытталған құпия көші-қон мен миллиардтаған сомалы контрабанда, басқа да аймақтық мүдделер - мұның бәрі мүдделі топтрадың шекарамызға көз тігіп, өз қолын салуына әкеп соқтырады! Ол туралы да әңгіме жоқ! Сондықтан кейбір шекара басшыларының жұмыс орнындағы жұмбақ қазасы сол көлеңкелі қаржылық күрестің бір салдары болуы да әбден мүмкін.

Үшіншіден, өкінішке орай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіргеннен бері, арнайы қызметтерге тән құпиялы режим шекара саласына да «жұқты». Бір жағынан, әрине, ол қызметтің өзінің кәсіби құпиялары болуы керек. Бірақ, онда болып жатқан қоғамдық маңызы бар процестер де жұртшылық назарынан тыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Мәселен, шекарашылардың тұрмыс пен қызмет жағдайы, бөлініп жатқан бюджет қаржысының орынды жұмсалуы, офицерлердің қызметте өсуінің мейлінше әділетті болуы және тағы басқа мәселелер. Ол жағы бізде  құпия. Бәлкім, осы құпиялық кейінгі кезде осы саладағы олқылықтардың бір сәтте жария болуының себебі болар.

Осы айтылған мәселелер тек қана шекара қызметіне емес, қоғам өмірінің барлық саласына тікелей қатысты. Сондықтан, қоғам қандай - шекараң сондай.

Олай болса, шекарамыз тыныш болсын десек, алдымен ел ішіндегі, қоғамдағы ахуалды түзеп алу керек деп ойлаймын!

 

Жасарал Қуанышәлин:

Шекара қызметін күйретіп жатқан сырттан келген жау емес

Мен, біріншіден, шекара саласында болып жатқан қанды оқиғалар тізбегі бүгінгі режимінің тек өз қамын ғана күйттеп, халыққа, мемлекетке қарсы 22 жыл бойына жүргізіп келе жатқан қылмысты саясаты салдарынан Қазақстанның мемлекет ретінде іріп-шіруі көріністерінің бірі деген тұжырымымды тағы да растаймын. Екіншіден, бұл тұжырым, әлбетте, осы оқиғалардың астарында жекелеген нақты себептер жатқандығын әсте жоққа шығармайды. Керісінше, олардың барлығы да тікелей мемлекеттің іріп-шіруінен туындаған себептер екендігін айғақтайды. Сәл тарата айтсам, мәселен, Арқанкерген қанды қасабын ешқандай да Челах емес, сол жердегі өздерінің жеке қылмысты мүдделерін көздеген биліктегі жоғары лауазымды жауыздар жасады деп есептеймін. Және, сол қылмыстың ізін жасыру мақсатымен, еліміздің шекара басшылығы тола мінген ұшақты да солар жарып жібергендігіне еш күмәнім жоқ. Генерал Есетов пен капитан Қадіралиновтардың өлімі де осы жағдаятпен тікелей байланысты болуы әбден мүмкін. Жинқтай айтқанда, Қазақстанның шекара қызметін қақырата күйретіп жатқан ешқандай да сырттан келген жау емес, өз ішімізден шыққан, мемлекет мүддесінен жұрдай, иманнан безген дұшпандар...

 

Дүкен Мәсімхан:

Әскери саланы тек "әскери" тәртіппен ғана ұстау керек

Бұның бәрінің қожырау себебі - әскери-қорғаныс саласында "әскери тәртіптің" жоқтығынан. Ондай тәртіптің жоқ болу себебі еліміздің "әскери-қорғаныс" саласын әскери емес адамның, оның өзінде, пайда қуған, байлық қуған бизнесменнің басқаруынан, сол арқылы жалпы қоғамымыздағы берекесіздік әскери саламызға да кіріп кетті ме деп ойлаймын. ҚХР-да Цзян Цзэмин билік құрған тұста, қытайдың әскери шенеуниктерінің бизнеспен айналысуына рұхсат етілген болатын. Содан Қытайдың қорғаныс саласы тарихта болмаған деңгейде іріп-шіріді. Сол саланы оңау үшін кешегі Ху Цзинтао да, бүгінгі Си Цзиньпиң де барын салып бағуда. Бірақ нәтиже аз. Демек әскери саланы тек "әскери" тәртіппен ғана ұстау қажет.

 

Серікжан Мәмбеталин:

Бұл Елбасы мен оның сенімді адамдарынына бағытталған соққы

Ел шекарасында орын алып жатқан қайғылы жағдайлар бүгін түгел қоғамның құбалжуына себепкер. Алғашында бұл оқиғалар сәйкестік болып көрінгенімен, бүгін бұл әрекеттерді Елбасы мен оның сенімді адамдарынына бағытталған соққы ретінде қарастыруға болады. Себебі аталған оқиғалар лезде БАҚ арқылы көпшілікке жеткізіліп, талқыға салынып жатыр. Демек белгілі бір «күштер» осы ақпараттың еркін таралуына мүмкіндік жасап отыр.

Masa.kz

0 пікір